ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ АРМАНҒА АЙНАЛДЫ

19:54, 14 қыркүйек 2021

ДК: Көкшетаудағы «Бейбітшілік» шағын ауданының тұрғындары жылдар бойы жол азабын тартып келеді. Жөндеу жұмыстары бірнеше жылға созылып отыр. Арманға айналған жолдың біраз бөлігіне былтыр асфальт төселді. Бірақ, басты мәселе шешілмеген сыңайлы. Қоғамдық көліктер қаланың бұл шағын ауданына қатынамайды. Соның слдарынан оқушыларға мектепке бару үшін күн сайын 6 шақырым жаяу жүруге тура келеді. Ал зейнеткерлер ауруханаға барып, дәрігерге қаралудан қалдық,-дейді. Мәселенің мән-жайын тілшіміз баяндайды.  

РКС: «Бейбітшілік» шағын ауданында бұл мәселенің туындағанына біраз болды.  Қоғамдық көлік мәселесі өзекті.  Бұған дейін тұрғындар жолды жөндеу қажеттігін айтып, дабыл қаққан болатын. Естеріңізге салсақ, былтыр шағын ауданда жол құрылысы басталып, жартысына асфальт төселген. Енді қараша халықты қоғамдық көлік мәселесі алаңдатуда. Айтуларынша, жергілікті билік өкілдері бірінші қыркүйектен бастап автобустар қатынайды деп сендіргенімен,  іс жүзінде әлі орындалмаған.  

СНХ: ГҮЛЗАДА ТӨРЕНИЯЗОВА – КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жергілікті әкімге айта-айта шаршадық. Білмеймін қайта қарап жатыр. Биыл, міне асфальт төсей бастады. Жарты жолда тоқтап қалды. Біз ойладық, асфальт төсегесін, автобус жүреді ғой деп. Сенімді болдық. Енді, міне, бәрі тоқтап қалды.///

РКС: Оқушыларға да мектепке қатынау оңайға соқпай тұр. Олар күніне 6 шақырым жолды жаяу жүруге мәжбүр. Және бұл мәселенің орын алғанына бақандай 10 жыл болған. Ілияс Қадыров 18 мектептің алтыншы сынып оқушысы. Өткен жылы мектепке барар жолда ит те талапты.

СНХ: ИЛЬЯС ҚАДЫРОВ, С.ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ  №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Мен 12-демін. Мектепке және одан үйге жаяу қатынаймын.  Көктемде аса қиын емес, ал күз, қыс айларында өте қиын. Оның үстіне күн де суық болады ғой. Мектепке шамамен, 30 минут жаяу жүріп барамын. ///

СНХ: МАНСҰР НАЗАР, С.ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ  №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Мен алтыншы сыныпта оқимын. Мектепке қатынау қиын. Автобустар жүрсе екен дейміз. Қаңғыбас иттер көп, қорқынышты. Қайта көшелерге  жарық орнатты. Оған да рахмет. 

РКС: Шағын ауданда зейнеткерлер де аз емес. Әрине, егде адамдарға діттеген жерлеріне көліксіз жету оңай емес.  

СНХ: ҚАЙЫРТАЙ ХАСЕНОВА, ЗЕЙНЕТКЕР: Автобус болмағасын ауруханаға да қатынай алмаймыз. Тіпті, аптасына бір рет моншаға барудың өзі арман. Ауырмайтын жеріміз жоқ. Көзіміз нашар көреді. Дәрі-дәрмек қажет. Үйде 5 оқушы бар. Оларға мектепке бару керек. Көрген күніміз осы. Тым болмаса, бір автобус берсе жетіп жатыр.

РКС: Тұрғындардың шағымын тыңдаған «Көкше» телеарнасының тілшілері  1  апта бойы қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен ресми жауап алуға тырысты. Алайда, алған жауап көңіл көншітпейді.   

ХРИП:  ЕРБОЛАТ СЕРІКПАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ, КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ  аударма: 2020 жылы мердігер мекемемен жолдарды жөндеуге келісім шарт жасасқан болатынбыз. Келісім 3 жылға жарамды. Қазіргі таңда, биылғы жылдың жоспары толық орындалды. Барлық жұмыстарды 2022 жылы аяқтау көзделген. Ал, жолаушыларды тасымалдау бойынша түсіндіре кетсем, талапқа сай,  қатты жол төсемі болуы шарт. Жолды қалпына келтіру нысаны биыл пайдалануға берілмеген. Маршруттарды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілген жоқ.

РКС: Жоғарыда айталған конкурс 2022 жылы өткізіледі деп жоспарланған. Ал, шағын ауданға қоғамдық көліктің қатынауы туралы сұрақ содан кейін ғана қарастырылмақ.  

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...