
ДК: Жылдан жылға аймақтағы жолдардың сапасы жақсарып келеді. Мәселен өткен жылы облыс бойынша 800 шақырым жол жөнделген. Биылғы меже 1 мың шақырым. Оның ішінде облыс орталығына шалғай орналасқан ауыл-аймақтардың үлесі басым. Осылайша өңірдегі жақсы жолдардың көрсеткіші 87 процентке жетпек.
РКС: Биыл бұландылық тұрғындар үшін де жемісті болмақ. Өйткені аудан орталығындағы тозығы жеткен жолдар жаңартылады. Тіпті тротуарға дейін салынады. Қазір құрылыстың алғашқы кезеңі басталған.
СНХ: ҚАЛДЫБЕК ЖАЛҒАСҰЛЫ, ҚҰРЫЛЫС УЧАСКЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ: Жолдың ұзындығы 1244 метр. Салынатын жолдың ені 7 метр. Екі жағынан тротуар саламыз. Бастағынымызға 2 күн болды. Жұмыс жақсы жүріп жатыр.
РКС: Сонымен қатар, осы көшеге жарық та тартылмақ. Ол жобаның ішінде қамтылған. Осылайша олар бір оқпен екі қоянды атуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, бірнеше ауылдың да жолын жаңарту көзделген.
СНХ: ТОҚТАРБЕК БӘЙКЕНОВ, АУДАНДЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Осы жылы аудан жолдарына 800 млн.теңге қарастырылған. Оның ішінде ауылдардың ішіндегі және аудан орталығындағы негізгі көшелер қамтылмақ. Орталықтағы осы көшеден бөлек, тағы 2 көшені жаңартатын боламыз. Қазіргі уақытта конкурс жүргізіліп, мердігер анықталуда.
РКС: Айталық, биыл облыс жолдарын жаңартуға 36 млрд.теңге бағытталған. Бұдан бөлек республикалық бюджеттен қосымша 23 млрд.теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр.
АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»