ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ЖОЛДАРДЫ ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДАУ ЖАЛҒАСУДА

18:41, 19 қараша 2021

ДК: Өңірдегі жолдардың құрылыс сапасы мен оның қысқа дайындығы толық бақылауға алынған. Ақмола облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 2008 шақырымнан асады. Автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін 6 миллиард теңгеге жуық қаражат қарастырылған.

РКС: Жалпы жыл басынан бері республикалық жолдарды күтіп ұстау үшін 3 миллирад 748 миллион теңге қаржы жұмсалған. Бүгінгі  таңда 1400 тонна көмір, 152 тонна тұз, дизелдьдік отын мөлшері – 1000, 220 тонна – бензин сатып алынған.

СНХ: НҰРЛАН СМАЙЫЛОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Келісім шарт міндетін уақытылы орындау үшін филиалдың құрамында 10 жол пайдалану учаскесі, 7 пайдалану пункті бар. Осы жылға жолдарды күтіп ұстау үшін 2 миллиард 850 миллион бөлінген.Қысқы дайындыққа шұңқырларды жөндеу жоспар бойынша 310 мың квадратын жөндедік. Ол 103 процентті құрады. Қарды тоқтатын талдарды шабу бойынша 2183 шақырым жоспарланған.

РКС: ИНФОГРАФИКА: Облыста техника дайындығы 92 проценттен асады.  «Қазақавтожол» қысқы жөндеу жұмыстарына 164 техниканы әзірлеп отыр. Сонымен қатар қосымша жалға алған 23 техника мен 507 адам жұмылдырылып отыр.

 ГРАФИКА: «Қазақавтожол» - 164 техника

- шнектер – 24

- KDM (Камаз, Зил, Рено, Урал) - 51

- автогрейдерлер – 25

- тракторлар – 33

- Бульдозер – 3

- Жүк тиегіштер – 5

Қосымша техника – 23

Жұмысшы – 507

СНХ: ИГОРЬ СТЕФАН, «ҰЛТТЫҚ ЖОЛ АКТИВТЕРІ САПАСЫ ОРТАЛЫҒЫ»  АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ САРАПТАМА ИНЖЕНЕРІ: Біздің филиалдың негізі масқаты – автомобиль жолдарындағы сапаны анықтау. Жол төсемдерінің сапасына мониторинг жүргіземіз. Биыл жолдың сапасына қатысты 655 бұзушылық анықталған. Біз алдымен ескерту хаттарын жібереміз. Ал Қазавтожол біздің ескертулерімізге мән беріп, дереу іске кірісуі тиіс.

РКС: Республикалық маңызы бар күре жолдардағы қауіпсіздікті  қамтамасыз ету ісі Қазақ автожол серіктестігіне жүктелген. Аталған мекеме биылғы маусымға сақадай саймыз деп отыр. Жолдарды қысқы кезеңге дайындау шараларының маңызды бөлігі көктайғақ сияқты құбылыстарға жедел ден қоюға қажетті материалдарды дайындауға мән беріліп отыр. Кәсіпорынның күшімен еңістер мен резервтерді ағаштар мен бұталардан, жол жиектерін шөптен тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілді.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ,МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...