ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

ЖОЛДАУ 2021: ҚАҢТАРДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 25 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ

17:57, 13 қазан 2021

 

ДИКТОР: Келер жылда мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өседі. Бұл үшін мемлекет тарапынан алдағы 3 жылда 1,2 триллион қаржы бөлінеді.  Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында педагогтарды қолдау саясаты жалғасатынын мәлімдеді.

РКС: Жастар туралы айта келе, Мемлекет басшысы білім беру сапасына ерекше назар аударды. Мектеп түлектерін тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасатынын айтты. 

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болуда. Өскелең ұрпақ өзінің болашақ мамандығын саналы түрде таңдай білуі керек. Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, осы маңызды міндетті шешумен айналысуы керек. Біз «Тегін техникалық және кәсіби білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастырамыз.

РКС: Былтырдан бастап қазақстандық педагогтар мемлекеттен мемлекет тарапынан материалдық қолдау ала бастады. Президент атап өткендей, материалдық қолдау шараларын «Цифрлық мұғалім» білім беру жобасымен толықтыру қажет. Ақмолалықтар бұл бастамаларды қуана қолдайды

СНХ: ЖАНГЕЛДІ ТӨЛЕГЕНОВ, БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Мемлекет басшысының Жолдауы аясында биыл ауданымыздың барлық педагогтары еңбекақының көтерілгенін сезді. Ауданда 1700-ден астам педагог жұмыс істейді. Орташа алғанда, соңғы жылдары жалақы 50% - ға өсті. Бұл өсім 2022-2023 жылдары да жалғасады. Біздің ауданда бүгінде 39 мектеп жұмыс істейді. Олардың барлығы білім беру сапасын арттыру бағытында жұмыс істеп жатыр.

РКС: Жаһандық өзгерістер кезеңінде түлектің білімі еңбек нарығына шыққанға дейін-ақ жеткіліксіз болып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан, құзырлы министрліктің алдында оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу міндеті тұр.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЗАРИНА ЖҮНІСБЕКОВА, АЛЕКСЕЙ КАРИМОВ , КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...