ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

ЖОЛДАУ-2021: «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

16:20, 21 қыркүйек 2021

ДК: Ел экономикасының дамуында оң үрдіс бар екені сөзсіз. Алайда, бүгінгі ахуалдың әлі де күрделі екенін Президент кезекті Жолдауында ашық айтты. Сондықтан да «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға дейін ұзартты. Ал бұл мақсатқа бөлінетін қаржының жалпы көлемі  - кемінде бір триллион теңгені құрайтын болады. Осы ретте, Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін экономиканы одан әрі дамыту бойынша үлкен міндеттер жүктеді.

ЖКС: Экономикаға тікелей инвестиция тартуды жалғастыру үшін Стратегиялық инвестициялық келісім ұғымы енгізілді. Осыған орай, квазимемлекеттік секторды оңтайландыру үшін нақты шараларды қолға алынды. Атап айтар болсақ, «Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтерін бірікті. Есесіне, еншілес компаниялар екі есе азайып, штат саны бір жарым есеге қысқарды. Нәтижесінде - жаңа, қуатты даму институты құрылды. Ал бұл жаңашылдық экономиканың дамуына тың серпін болмақ.

СНХ: ҚАСЫМ – ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы өзінің тиімділігін дәлелдеді. Оны жүзеге асыру барысында  3,5  мыңнан астам жоба іске қосылды. Сондай-ақ, 70 мың жұмыс орны ашылды. Өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің жалпы құны 3,5 триллион теңге болды.

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында 66  мың жоба мемлекет тарапынан қолдау тапты.   Бұл 150 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және сақтап қалуға септігін тигізді.

ЖКС: Айта кетейік, бағдарлама мерзімін ұзарту тапсырмасын орындау үшін қазынадан бір триллион теңге қарастырылды. Қаржы Ұлттық банктен бөлінеді. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше,1 триллион теңгенің 300 миллиарды Агроөнеркәсіп кешенінің өңдеу саласына, тағы 300 миллиарды өндіріс саласын дамытуға жұмсалады. Қалған 400 миллиарды өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласына беріледі. Президенттің қос бағдарламаны тағы бір жылға ұзарту туралы шешімі ақмолалықтар арасында қолдау табуда.

СНХ: БАҒЛАН НАУРЫЗБАЕВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Бағдарламалардың мерзімін ұзарту экономикамыздың одан әрі дамуына үлкен сеп болады. Себебі,  «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында елде 3,5 мыңнан астам жоба іске қосылды. 70 мың жұмыс орны ашылды. Өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің жалпы құны 3,5 триллион теңге болды. Ал «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында 66 мың жоба мемлекет тарапынан қолдау тапты. Бұл 150 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және сақтап қалуға септігін тигізді.

ЖКС: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша берілген қаржы қалай жұмсалатынына тоқталып өтейік. Қолдау несие процентін субсидиялап, қарызды кепілдендіруге бағытталады. Осылайша, кәсіпкер екінші деңгейлі банк немесе агрокредит корпорациясынан 6 процентпен 10 жыл мерзімге несие алу мүмкіндігі бар. Қарыз сомасына шектеу жоқ. Ал «Бизнестің жол картасы» бағдарламасында қарыз 6 процентпен беріледі. Бірақ, мерзімі - бес жыл. Ал несие сомасы 7 миллиард теңгеден аспауы тиіс.

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, ДАСТАН БОЛАТОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...