ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ЖОЛДАУ-2021.САЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІН ЦИФРЛАНДЫРУ

14:40, 10 қыркүйек 2021

 

ДИКТОР:  2025 жылға қарай мемлекеттік қызметтердің барлығы халыққа смартфондар арқылы қолжетімді болады.  Цифрлық саладағы қызметтер мен тауарлардың экспорты алдағы 4 жылда кем дегенде 500 миллион долларға жетуі керек. Ол үшін мемлекеттік секторды толықтай қайта жүктеу талабы тұр. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында осындай міндет қойды.

РКС: Азаматтарға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселесі салық органдарының бақылауында. Бүгінгі таңда жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер үшін көптеген мәселелерді оңай шешетін жүйелер бар. Үш компонентті интеграцияланған жүйе деректерді тіркеуге және беруге, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жүйе сауданы басқару процестерін автоматтандырады, қызмет көрсетуге, жұмыстарды орындауға және тауарларды есепке алуға көмектеседі.

СНХ: НҰРЛАН ЫСҚАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Үш компоненттен тұратын біріктірілген жүйе арнайы салық режимінде жұмыс істейтін кәсіпкерлерге арналған. Бұл жүйенің кәсіпкерлер үшін артықшылықтары көп. Біріншіден, есепті кезеңдегі кіріс мөлшері айлық көрсеткіштің 24038-ден 94086-ға дейін өсуі. Екіншіден, қосылған құн салығының шегі 30 000 теңгеден 144 184 теңгеге дейін ұлғайтылды. Кәсіпкерлерді салық жеңілдіктерін пайдалануға шақырамыз.

РКС: Қазіргі уақытта үш деңгейлі интеграциялық жүйенің бірыңғай тізіліміне 3 модель енгізілді. Жүйеде салықтық есепке алу модулі бар. Онда тауарлардың қозғалысы, салық есептілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін элементтер, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлердің жалақысы  көрсетіледі.

СНХ: ЛЕЙЛА ӘМІРЖАНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: Үш компонентті интеграцияланған жүйе туралы толықтай мәлімет алғыңыз келсе, мемлекеттік кірістер комитеті сайтына кіріп, үш компонентті интеграцияланған жүйені әзірлеушімен байланыса отырып, жүйені мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу қажет.

РКС: Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан үш деңгейлі интеграцияланған жүйені енгізу жұмыстары басталып кетті.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ИВАН ОДНОРОГ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...