ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕДІ

19:50, 24 мамыр 2020

 

РКС: Облыс аумағында 7 мың шақырым жол бар. Оның 5626-сы облыстың, қалғаны республикалық «Қазавтожолдың» қарамағында. Облыстық маңызы бар 2661 шақырым жолдың 78 проценті талапқа сай. Аудандық маңыздағы 2965 километрдің тең жартысы жөнделген.

графика

Облыс аумағындағы жалпы жол көлемі  -7 мың км.

Облыс қарамағындағы жергілікті маңызы бар – 5626 км.

Облыстық маңызы бар  2661 км -  78 % жөнделген

Аудандық маңызы бар  2965 км - 50 % жөнделген

РКС: Өңір әкімдігі жол құрылысы қарқынын үдетіп отыр. Биыл 39,9 млрд. теңгеге 700 шақырым жол жөнделеді. Бұл соңғы үш жылдағы жол құрылысы көлемімен шамалас. Жол жөндеудің қымбатшылығын бағамдай беріңіз. Орташа есеппен облыстағы 1 шақырым жаңа жолға 5-6 млн. теңге жұмсалуда.

Интершум.

РКС: Жыл сайын жүздеген шақырым жол төселеді. Алайда, жолдағы ойық-жырықтың жамалып бітпейтпейтіні - жүргізушілердің жауыр болған мәселесі. Биыл облыс аумағындағы жол жөндеу жұмыстарының көлемі екі есе артқан. Облыс әкімдігі сапаның сан соқтырмасы үшін, жол жабынын тексеруді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығына» тапсырған. 

СНХ: ЖАНАТ САЛЫҚОВ, «ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ»  ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БІРІНШІ САНАТТЫ ЛАБОРАНТЫ///Осылайша біз жол жабынынан сынама аламыз. Бұл – кёрн деп аталады. Мысалы, жобалық құжаттама бойынша мына жердегі асфальт қабаты 5 см-ді құрауы тиіс. Бірден өлшем жасаймыз. Ал, жол төсемінің тығыздығы, су сіңімділігі, қолданылған қиыршық тас фракциясы, битумның сапасы тәрізді көрсеткіштер зертханада сыналады.

РКС: Жолдың сапасы бірінші кезекте оның жобалық-сметалық құжатта көрсетілген талаптарға сай болуына байланысты. Бұл мынадай арнайы зертханада тексеріледі.

СНХ: ЖАНАТ САЛЫҚОВ, «ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ»  ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БІРІНШІ САНАТТЫ ЛАБОРАНТЫ///Біз жолдан алынған сынаманы бір белгілі уақытқа суға саламыз. Осылайша, асфальттың су сіңімділігі анықталады. Кейін қысым арқылы оның тығыздығы тексеріледі. Одан кейін, мынадай құрылғының көмегімен асфалттың қанша тонна қысымда үгілетіні анықталады.

РКС: Асфальт біз білетін жолдың беті ғана.  Жол сынамалары құүрылыс барысының барлық кезеңдерінде алынады. Жол төсеміне жаратылған тас қиыршық беліленген қалыңдықта, тиісті тереңдікте, тиісті фракцияда қолданылуы тиіс. Жол құрылысын жүргізген мердігер келісімшартқа сай екіден бес жылға дейін жолдың сапасына кепілдік береді. Бұдан бөлек, жол сапасына авторлық және техникалық бақылау жүргізіледі.

СНХ:  ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ///Жыл сайын автомобиль жолдарының құрылысы мен қолданыстағы жолдарды жөндеуге «Қазавтожол», облыс және аудан әкімдіктері  ат салысады. Биыл осы мақсатқа 39 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржы өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Оған 700 шақырым жол жөнделеді. Биыл «Балкашино-Шаңтөбе», «Ақсу-Бестөбе-Изобильное», Солтүстік Қазақстан облысы арқылы өтетін «Еленовка-Чистополье-Есіл» тәрізді облыстық маңыздағы бағыттарда жол жөнделуде. Республикалық маңызы бар жолдарда да құрылыс жұмыстары жалғасуда. Одан бөлек, Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтары ынтымақтастығы форумына орай Көкшетау қаласында жол құрылысы қарқынды жүргізілуде.

БЛИЦ-САУАЛНАМА

РКС: Ірі өндірістік нысаны жоқ немесе халық саны 15 мыңға жетпеген елді мекендер жол жөндеуге кезектің соңында. Ал, жыл озған сайын мұндай ауылдардың құты қашып, халқы қоныс аударып жатыр. Көкшетаудан 60 шақырымдағы Жолдыбай ауылы сөзімізге мысал. Жылқы жусатып, май шайқаған 90 шаңырақтан бүгінде 33-і қалған. Ауылдастар мектебіміз жабылса, кіндік кесіп, кір жуған жердің жұрты қаңырап қалар деп қауіптенеді. 

Интершум. ауыл туралы ән

РКС: Жол жайсыз болған соң тіршіліктің де қыбы келіспейтіні белгілі. Ақкөңіл ағайын қаладан бұрын далаға барар жолға алаңдайды. Осы маңайдағы Баратай, Ақан, Бұлақ тұрғындары грейдерден гөрі қыр аралаған қара жолмен жүргенді жөн көреді. Жүріс жылдам, көліктің де сынуы аз. Алайда, көктемгі ағын су екі жолды да шайып, Жолдыбайды байланыссыз қалдырыпты.

СНХ: БОЛАТ БЕКІШЕВ, ЖОЛДЫБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ///(қазақша)///Бұл осы маңдағы ауылдардың қатынайтын жолы. Баратай, Бұлақ ауылдары ана жақпен орап жүргенше, осымен тура кетеді. Ауылда жұмыс жоқ, малмен күн көріп отырмыз. Ал, шабындық жердің барлығы осы жақта. Жаңбыр болса тағы жүре алмаймыз.

СНХ: МӘУЛЕН БІРКЕНОВ, ЖОЛДЫБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ /// (қазақша) /// Осы өткел колхоз уақытынан бері бар. Ана шығып тұрған ағаштар ата-бабамыздың салған көпірі. Симферополь совхоздың салған жолы анау еді. Оны су шайып кеткеніне 5-6 жыл болды.

РКС: Жергілікті әкімдік шағын өзенге өткел салып беруді қолға аламыз, - деп отыр. Ал, қалаға барар жолға жауапкершілігіміз жоқ, - дейді ауыл басшысы. Себебі, «Жолдыбай-Симферополь-Көкшетау» бағыты облыстық маңызы бар жолдар қатарында екен. Сауалды жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасына жолдадық.

СНХ: СНХ:  ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///(орысша)  «Нұрлы көш-Симферополь-Жолдыбай» бағытындағы жол облыстық маңызы бар бағыттың бірі. Биыл жолды жөндеуге қажетті жобалық-сметалық құжатқа тапсырыс берілмек. 2021 жылы Жолдыбайға жаңа жол салынады деп жоспарлап отырмыз.

РКС: Жолдыбай жолы болған ауылдардың қатарынан табылды. Аз түтін тағы екі жыл қоңыр тірлігінен қол үзбесе игі еді. Бүгінде ауыл жолдары 2187 шақырым. Оның тең жарымы қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жол санатында. Қалған жартысының маңызы ауыл азматтары үшін  жерде емес аспанда тұр. Сәуір айында Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрлымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елдегі жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың көлемін 89 процентке жеткізу жоспарланғанын айтты. Бұл межеден Ақмола өңірі қалыс қалып отыр.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ШОҚАН ТӘУКИЕВ. «АҚМОЛА АПТАСЫ».

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...