ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 200 ШАҚЫРЫМ АВТОЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

ЖОЛШЫ ҚЫЗМЕТІ МАМАНДАРЫ ҚАЖЕТ

20:28, 13 мамыр 2022

ДК: Техникалық мамандарға сұраныс жоғары. Әсіресе жол саласында кадр тапшылығы байқалады. Қазіргі таңда техникалық мамандарды даярлауға басымдық беріліп отыр. Бұл салада жалақы да жоғары, болашағы да бар. Жол активтері Ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалының мамандары «2000 мектеп» акциясы шеңберінде мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырып жатыр.

РКС: Гуманитарлық мамандықтарға құмарлықтың заманы өтті. Енді техникалық кадрларды дайындауға бетбұрыс жасау керек. Президент берген пәрмен осы. Дабыл қағатындай себеп те бар. Өйткені кадр тапшылығы елдің инфрақұрылымдық дамуына, жобаларды іске асырудың сапасы мен мерзіміне әсер етіп жатыр. Жол саласына да жас және білікті азаматтар керек. Мәселені шешу үшін ұлттық сапа орталығының мамандары келешек талапкерлермен кездесіп, жол-құрылыс бағытының даму-деңгейімен таныстыру шараларын жүргізіп жатыр.

СНХ: ЕРБОЛАТ ШАЙМҰРАТ, ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ:  Қазір біз оқушыларға жол-құрылыс саласы туралы бәрін түсіндіріп, автожолшы болуға шақырып жатырмыз. Орта, арнаулы, жоғары білімді қайдан алуға болады, мансапты өсу туралы ақпарат береміз. Ауыл мектептеріне басты назар аударылады.

РКС: Жолшы мамандығының маңыздылығы мен артықшылықтары бар. Аталған саланың тоқырауы екіталай. Керісінше жыл сайын жаңа тенденциялармен табысты мансап  құруға мүмкіндік бар.

СНХ: ШЫҢҒЫС МҮЗІНБАЕВ, №1 ОРТА МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ 9- СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:  Бүгін мені бұл сала неге қызықтырғанын айтып берейін. Қазақстанда жолдың сапасы нашар. Егер бұл салаға қызығатын, оны жақсы меңгерген мамандар көбейсе, жолдың да сапасы жақсарар еді. Автожолшы маманының жалақасы да жоғары. Оның үстіне мемлекет үшін де маңызды бағыт. Ел мүддесі үшін жұмыс істеп жатқаныңды сезіну күш-қуат береді.

РКС: Жалпы жыл басынан бері кәсіби бағдарлау жұмыстары 125 мектепте жүргізілді. Сонымен қатар оқушыларға филиал қабырғасында арнайы «ашық есік» күндері мен экскурсияларды ұйымдастыруға ниетті.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АЗ
18:38, 26 мамыр 2022
АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АЗ
Толығырақ...
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
18:37, 26 мамыр 2022
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВА...
Толығырақ...
 БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
18:35, 26 мамыр 2022
БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫС БЕРУШІ-ТҮЛЕК: ӨҢІРДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МАМАНДАР ТАПШЫ
20:40, 20 мамыр 2022
ЖҰМЫС БЕРУШІ-ТҮЛЕК: ӨҢІРДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МАМАН...
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:38, 20 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ОТАНЫМ – ӘНІМДІ САҒАН СЫЙЛАЙМЫН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ
20:42, 20 мамыр 2022
ОТАНЫМ – ӘНІМДІ САҒАН СЫЙЛАЙМЫН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛ...
Толығырақ...