ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ

14:06, 18 маусым 2021

ДК: 2019 жылы жөндеу жасалған Макинск-Ақсу бағытындағы автомобиль жолы 2 жыл уақыт өтпей жатып қaйта бүлінді. Жоспар бойынша жаңадан төселген асфальт 5 жыл мүлкітсіз қызмет атқаруы тиіс еді.

РКС: 2019 жылы «Макинск-Ақсу-Торғай» автожолының алғашқы 22 шақырымына орташа жөндеу жүргізілген еді. арада 2 жыл өтпестен жол жабыны сыр берген.

СНХ: ТАЛҒАТ ЖҮСІПОВ, «ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ///аударма///  «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалы, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, «Қазавтожол» және мердігер компания өкілдері бірлесіп осы жолдың сапасына бақылау жүргіздік. «Макинск-Ақсу-Торғай» автожолына 2019 жылы орташа жөндеу жүргізілген. Жолдың асфальт-бетонды қабаты жарылған, ойықтар пайда болған. Бұл деффектердің орын алуына негіз болған себептердің бірі - тиісті талапты сақтамаған жүк көліктері ағынының артуы.

РКС: Жоспар бойынша жол 5 жыл бойы қызмет атқаруы тиіс деп күтілген. Алайда, үміт ақталмады. Өңір тұрғындары жол жабынының жылдам тозуына осы маңда орналасқан құм және тас карьерлері және Біржан сал ауданында орналасқан «Көкше-Цемент» зауытының жүк көліктерін кінәлайды.   

СНХ: НҰРБЕК ТЕМІРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ «ҚАЗАВТОЖОЛ» ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма///    Көктемдегі бақылау барысында 2 мың шаршы метр аумақтың жол жабыны бүлінгені анықталды. Қазір біз мердігерге тиісті ескерту жолданып, мерзім белгіленді. Осы айдың аяғына дейін жолды қалыпқа келтірмесе, компанияның банк кепілдігін бұғаттап, қызметін адал атқармайтын компаниялар тізіміне енгіземіз.    

СНХ: АСҚАР ЖЕКЕБАЕВ, «А4+» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ///АУДАРМА/// 01/23 Жол салынып жатқанда оның әр қабаты сараптамадан өтті. Біз жол төсегенде алдымен жұмыстың бір кезеңін атқарамыз, сапа талаптары расталғаннан кейін келесі кезеңді бастауға қажетті қаржы бөлінеді. +Жоба бойынша бұл жолға 22 мың 500 тонна асфальт төселуі керек еді. Біз 26 мың тонна төседік.

РКС: Жүк көліктерінің ағынын бақылау мақсатында көліктік бақылау инспекторлары арнайы шақырылды. Сала мамандары бұл жолмен жүретін көліктің әр білігіне түсетін салмақ  8 тоннадан аспауы тиіс екенін айтады.

СНХ: БОТАЖАН АХМЕТОВ, КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ///аударма/// 02/17 Облыстың кез-келген тұрғыны Көлік инспекциясына жүгіне алады. Жүк көліктерінің бекітілген талапты сақтамау дерегі орын алса біз бірден тиісті жол торабына барамыз. Тұрғындар осы жолға, және оған қоса Аршалы, Жалтыр, Щучинск бағытындағы автожолдарда жүк көліктерінің ағымына жиі шағымданады.

РКС: Тиісті талапты сақтамаған жүк тасымалдаушыларға 50-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Алайда, жүк көліктері өздері жүретін жолды тоздырудан тыйылар емес. Мердігер «Макинск-Ақсу-Торғай» бағытындағы жолды қайта жөндеуге ниетті. Бұған өз қалтасынан 10 млн.теңгеге жуық қаржы жұмсайды.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕН. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...