ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР ДЕ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛУЫ ТИІС

21:24, 25 қазан 2021

 

ДИКТОР:  Созылмалы ауруы бар азаматтар коронавирусқа қарсы бірінші кезекте екпе алуы тиіс. Облыстың білікті салалық дәрігерлері осылай дейді. Өйткені онсыз да күрделі аурумен күресіп жүрген организмнің коронаға қарсы тұруы қиын.

РКС: 75 жастағы Надежда Блезникованың жүрегі ауырады. Осыдан бір жарым жыл бұрын операция жасатқан. Кейуананың отбасы мүшлері түгел вакцина алса да, қауіпті індет қарияны айналып өтпепті. Енді сақтану үшін дәрігерлермен кеңесіп, екпе алды.

СНХ: НАДЕЖДА БЛЕЗНИКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:  Менің қысымым тұрақсыз.  8 ай бұрын коронавируспен де ауырдым. Сол қиын  кезеңдер қайта қайталана ма деген жаман ой маза бермейді.  Сондықтан вакцина алуға шешім қабылдадым. Енді ауырғым келмейді.

РКС: Надежда Блезникова сияқты күрделі операциядан кейін екпе алуға жүрексінетіндер баршылық.  Алайда кардиолог Сергей Зиборов:  «Созылмалы ауру бар азаматтар алдымен екпе алуға асығуы керек», - дейді.  

СНХ: СЕРГЕЙ ЗИБОРОВ,  КАРДИОЛОГ:  Мен алдыма келген науқастарға қалайда екпе алмау жағын емес,  керісінше, қайтсе де екпе алудың амалын табуға кеңес беремін. Себебі қазір ковидке қарсы жалғыз қару – вакцина. Әлем бойынша өлім-жітімнің 50%-і жүрек-қан-тамырлары ауруларынан болады. Оны емдеу үшін заманауи медицина көп нәрсе істеді. Күрделі ауруларды емдеп, науқастардың өмірін 5-10 жылға сақтап қаламыз. Алайда  коронавирус созылмалы ауруы бар азаматтардың өкпесін қабындырып,  бір-ақ сәтте алып кетіп жатыр.

РКС: Геникологтар әйелдер қауымына жүктіліктен кем дегенде 3-4 апта бұрын вакцина курсын толық алуға кеңес береді. Әйтпесе, ковидтан нәрестенің өлі туған немесе ананың көз жұмған жағдайлары кездеседі. Ал жүктілікке дейін екпе алмағандар, ұрық толық жетілген соң, 16-шы аптадан бастап вакцина алғаны абзал.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...