ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛДЫ

19:43, 25 қараша 2021

ДИКТОР:  Бала емізетін аналар мен жүкті әйелдер де «Pfizer» екпесін алуда.  Арасында бұрын коронавирусқа қарсы екпе салдырып, енді ревакцинацияға келіп жатқандары да бар. Тілші егу пунктіне барып, әсерлерімен бөлісіп қайтты.

РКС: Жазира Уәлиева ақпанда алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны салдырыпты. Айтуынша, туыстарының барлығы індеттен қорғанып, екпе алған. Нәтижесінде, отбасымыз инфекциядан дін аман, - дейді. Ал жүкті екенін білген сәттен «Pfizer»-дің елге әкелінуін асыға күтіпті.

СНХ: ЖАЗИРА УӘЛИЕВА, ЖҮКТІ ӘЙЕЛ:   Менде қазір 23-ші апта. Мен өз еркіммен қайта екпе алуға келістім. + 00:29 Мен ақпан айында «Спутник-V» вакцинасын алған едім. Енді қазір ревакцинацияға «Pfizer» алып жатырмын. + 00:54 Коронавируспен ауырмай, жүктілігімді жақсы өткізу үшін мен өз денсаулығым үшін алдым. Өз-өздеріңізді, туыстарыңызды сақтаңыздар.

РКС: Қауіпті вирус жер жаһанға таралғанда баласын дүниеге әкелгендердің бірі – Жанна Әбдірахманова. Ол бала емізіп жүрген соң екпе алуға жүрексінгенін айтады.  Алайда әлемнің 35 елі балалар мен аналар үшін қаупісіз деп таныған «Pfizer» екпесі Қазақстанға келгенде, сәби мен туыстары үшін егілемін деп шешім қабылдапты.

СНХ: ЖАННА ӘБДІРАХМАНОВА, ЖАС АНА: Мен қазір бала еміземін. Балам бір жарым жаста. Екпе алу үшін фпайзерді күттім. Өйткені ол халықаралық деңгейде жүкті әрі емізетін  аналар мен балаларға  қауіпсіз деп танылып, мойындалған. Барлық осы санатқа жататындарға келіп, өз-өздеріңізді қорғау үшін екпе алыңыздар дегім келеді.

РКС: Еске сала кетейік, Қазақстан «Pfizer»-дің 4 млн. дозасын сатып алды. Бұл партия тек жүкті және емізетін әйелдер мен 12-17 жас аралығындағы балаларға салынады.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...