
Елімізде «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы табысты жүзеге асып келеді. Жобаның негізгі мақсаты – жұмыссыздық санын азайта отырып, халықтың еңбекпен қамтылуын қаматамасыз ету
Елімізде «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы табысты жүзеге асып келеді. Жобаның негізгі мақсаты – жұмыссыздық санын азайта отырып, халықтың еңбекпен қамтылуын қаматамасыз ету. Мемлекеттік бағдарлама - жас буын өкілдеріне де қолдау танытуда. Әсіресе, аудан және ауылдық округтерде қарқынды түрде іске асырылуда. Мәселен, өткен жылы Бұланды ауданында бағдарламаның үшінші бағыты яғни, тәжірибеден өте отырып, жұмысқа орналасу бойынша 25 адам қатысып, олардың 14-і тұрақты жұмыспен қамтылған.
Мемлекеттік бағдарламаның шынымен де, сәтті жүзеге асырылып жатқанына көз жеткіздім, - дейді аудандық білім бөлімінің хатшы-референті Эльвира Махамбетиярова. Колледжді аяқтаған соң, жұмысқа орналасу мәселесі туындаған. Осы орайда, жас маман бірден аудандық жұмыспен қамту бөліміне барған. Ондағы мамандар жастар іс-тәжірибесін өту туралы ұсыныс жасапты.
ЭЛЬВИРА МАХАМБЕТИЯРОВА, «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ:
- Бұланды аудандық білім бөлімінде кітапхана қоры мамандығы бойынша бір айға жуық тәжірибеден өттім. Кейін менің жұмыс істегеніме қарап, осында тұрақты жұмысқа қалуға ұсыныс жасады. Алғашқы жұмысымды хатшы-референт болып бастадым. Жұмысым өзіме ұнайды. Ұжымымда жақсы.
Мемлекеттік бағдарламаның қатысушыларына жастар іс-тәжірибесінен өту уақытында ай сайын мемлекеттік бюджеттен еңбекақы төленіп отырады. Субсидия мөлшері 18 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
СВЕТЛАНА САЙМАНБАЕВА, БҰЛАНДЫ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Бағдарламаның дәл осы жастар тәжірибесі бағыты дипломын енді ғана қолына алған, ешқандай тәжірибесі жоқ жас мамандарға үлкен қолдау танытады. Жалпы, 2015 жылы бағдарлама бойынша 140 адам жұмыспен қамтылды. Біз келушілердің жұмыспен қамтылуы үшін қолдан келген бар көмекті аямаймыз. Әлеуметтік жұмыс орындарына жібереміз. Қайта даярлаудан өту және жоба арқылы шағын несие алып, жеке кәсіп ашу жөнінде де кеңес береміз.
Мамандардың айтуынша, ағымдағы жылы да бағдарлама жалғасын табады. Үшінші бағыт бойынша тағы 54 бұландылыққа қолдау таныту жоспарланып отыр.
Раушан Сайлауқызы, Анастасия Хмелёва, Дархан Сағын