ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 200 ШАҚЫРЫМ АВТОЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

«ЖҮРЕКПЕН ЕСТУ ДАРЫНЫ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ

23:32, 12 мамыр 2022

ДК:Балалар жылы аясында облыс орталығында есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №4 арнайы түзету мектеп-интернатының есеп беру концерті өтті. Мектептің дарынды оқушылары шығармашылық нөмірлерімен көрермендерді қуантты.

РКС:Көкшетау қаласының №4 арнайы түзету мектеп-интернатында бүгінде 100-ден астам бала оқиды. Дәстүрлі мерекелік концертке мектептің ерекше шығармашылық ұжымдарының әртістері, талантты жас орындаушылар мен олардың тәлімгерлері қатысты.

СНХ: МАРАТ ЫБЫРАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Олар осы мектептің балаларымен, шығармашылық қабілеттері, музыкалық дарыны мен би қойылымдары жағынан оқушыларымен жұмыс істеп, жұмыс нәтижесін көрсетеді.

РКС: Жыл сайын дарынды балаларға қолдау көрсету қажеттілігі барған сайын артып келеді: конкурстар өткізіліп, гранттар беріледі, фестивальдер мен шығармашылық мектептер сайысқа түседі. Полиция департаменті де дарынды оқушыларды  қолдайды. Балалармен бірге «Отан» әнін орындады.

СНХ: АЯГӨЗ ҚАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Полиция департаментінің тікелей қатысуы шығармашылық ұжымдардың балалармен бірлесіп өнер көрсетуі болып табылады. Бұл өзара байланыс орнатудың бір түрі, кәмелетке толмағандармен жұмыс, бұл биылғы жылы негізгі көрсеткіш болып есептеледі.

 

ИНТЕРШУМ: әннен үзінді

 

СНХ: МИНИСА КӨКЕНОВА, ОҚУШЫНЫҢ АНАСЫ:  Шынымды айтсам, мектеп өте керемет, өйткені балам тілді білмей, бір сөз сөйлей алмай келген. Ал қазір ол сахнада өнер көрсетуде. Мен үшін оның кезекті іс-шарада кеңістікте жақсы бағдарланғаны, үлкен сахнада естімейтін бала би билеп, музыканы сезіне алатындығы үлкен жаңалық болды. Әрине, мұның бәрі мұғалімдердің арқасы.

ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ,ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДА 20-ДАН АСТАМ ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІ АНЫҚТАЛҒАН
19:44, 27 мамыр 2022
КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДА 20-ДАН АСТАМ ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМ: 33 БАПҚА 56 ӨЗГЕРІС ЕНУІ МҮМКІН
19:30, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ: 33 БАПҚА 56 ӨЗГЕРІС ЕНУІ МҮМКІН
Толығырақ...
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
18:26, 25 мамыр 2022
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
Толығырақ...
ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 1 МЛРД.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
18:22, 25 мамыр 2022
ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 1 МЛРД.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
Толығырақ...