ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ЖЫЛ БАСТАЛҒАЛЫ 5 БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

20:51, 7 маусым 2022

ДК: Жыл басталғалы Ақмола облысында 490 орынға шақталған 5 балабақша ашылды. Тағы 7 бөбекжайдың құрылысы жүріп жатыр. Соның 2-і облыс орталығында бой көтеруде. 280 орынға шақталған 2 балабақшаның құрылысы Қосшы мен қала іргесіндегі Нұрлы көш ауылында басталып кеткен. Дәл осындай орынға есептелген қос бөбекжай Целиноград ауданына қарасты Қоянды және Қараөткел ауылдарында салынуда. Жалпы есепте осы жылы 1240 жаңа балабақша орының ашу көзделген. Сондай-ақ, қолданыстағы бөбекжайларды жаңартып, техникалық базаларын нығайтуда жоспарланған.

РКС: Бұл шаһардағы «Болашақ» балабақшасы. Қазіргі таңда мұнда 300-ден астам бала тәрбиеленуде. Балғындардың алаңсыз білім алып, ойнауына барлық жағдай қарастырылған. Сондай-ақ, балабақшаның техникалық базасы да жыл санап толығып, жаңарып келеді,-дейді.

СНХ: ГАЛИНА ШКОНДИНА, «БОЛАШАҚ» БАЛАБАҚШАСЫ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫСЫ:  Бізде 14 топ жұмыс істейді. Соның 1 логопедтік және 1 санаторлық топ екенін айтқым келеді. Ең бірінші балалардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдай қарастырылған. Жыл санап техникалық базаны нығайтып тұрамыз. Сондай-ақ, ағымдағы жөндеу жұмыстары да жүргізіледі. Осы жылы есік алдындағы балалар алаңқайын бояп, сырлауды жоспарлап отырмыз.

РКС: Ал, балғындарды балабақшаға тіркеу қазір электронды түрде жүргізіледі. Яғни кез-келген ата-ана өзі қалаған бөбекжайға  баласын Аkmola.kz сайтна кіріп, тіркеуге қоя  алады.

СНХ: АНДРЕЙ МАЙБАХ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылдың қазан айынан бастап облыстың барлық бөбекжайлары мен мектеп жанындағы шағын орталықтары мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілік пен жолдама берудің Аkmola.kz автоматтандырылған жүйесіне көшті. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезек бір елді мекен аумағындағы барлық мектепке дейінгі ұйымдар үшін ортақ болды.2022 жылдың жазғы кезеңінде облыстың мектепке дейінгі ұйымдарынан 8618 және оқу ошақтарының мектепалды сыныптарынан 6111 бала тәрбиеленіп шығады. Жалпы есепте барлығы  14729 баланы құрайды. Соның 56 проценті яғни 8281 бала мемлекеттік тілде оқытылады.

В рамках реализации Государственной программы «Цифровой Казахстан» с октября 2019 года все ясли-сады и пришкольные мини-центры области перешли на автоматизированную систему очередности и выдачи направлений в детские дошкольные организации Аkmola.kz. Очередь в детские дошкольные организации стала общей для всех дошкольных организаций на территории одного населенного пункта.В летний период 2022 года осуществится выпуск из дошкольных организаций области 8618 детей и из предшкольных классов школ 6111 детей всего 14729 воспитанников из них 8281 детей (56%) с государственным языком обучения.

РКС: Айталық, қазіргі таңда облыста балабақша тапшылығы сезілмейді. Тиісті сала мамандарының пікірі осыған саяды. Былтыр өңірде 1122 орынға шақталған 14 балабақша ашылған. Жалпы облыс бойынша 255 балабақша жұмыс істейді.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...