ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 4955 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН

19:03, 17 маусым 2022

ДК: 2019 жылмен салыстырғанда  2021 жылы Ақмола облысында туу көрсеткіші – 200 -ге өскен. Жыл басынан бері 4955 сәби дүниеге келді. Біздің кейіпкеріміз денсаулық сақтау саласында 40 жылдан астам еңбек етіп келеді.  Перинаталдық қызметтің басшысы. Айта кетейік, 19 маусым – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

РКС: Әрбір медицина қызметкерінің мамандық таңдауына әсер еткен тарихы бар. Аемкүл Маханова да осы қатардан. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ болашақ акушер-гинеколог өмірін осы саламен байланыстырыпты.

СНХ: АЕМКҮЛ МАХАНОВА, КӨПБЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ АКУШЕР-ГИНЕКОЛГЫ: Көз алдымызда ұстазымызда түсік болды, біз қатты қорқып қалдық, әрине қолымыздан ештеңе келмеді, бұл менің мамандық таңдауыма басты  себеп болды. 1976 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтын бітіріп, кейін осы жердегі перинаталды орталықта интернатурадан өттім.

РКС: Аемкүл Маханованың жалпы еңбек өтілі 46 жыл.  24 жыл перинаталды орталықта жұмыс істейді. Бүгінгі күнге дейін санитарлық авиацияға қызмет көрсететін жоғары санатты дәрігер, «Еңбек ардагері» және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атақтарының иегері. Акушер-гинеколг өз білімі мен тәжірибесін саладағы жас мамандармен бөліседі, әріптестері оны құрметтейді.

СНХ: АЛМА ҚҰРМАШЕВА — КӨПБЕЙІНДІ  ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ АНА МЕН БАЛА ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Егер Аемкүл жайлы  айтатын болсам, оның мақтар тұстары өте көп. Әріптестерімен де, науқастармен де, туыстарымен де қарым-қатынаста ол өте мейірімді, ашық  жан.  Дәрігер – бұл жауапты мамандық. Ол осы жолмен келе жатқан үздік адам.

РКС: Өңірде медицина кадрларының тапшылығы – бұрыннан келе жатқан мәселе. Жағдайды реттеу үшін облысқа 99 дәрігер мен 166 орта медицина қызметкері шақырылды. Резидентураға 35 грант, бакалавриатқа 50 грант берілген және 23 студентке облыс әкімінің атаулы шәкіртақысы берілді.

 

РИЗА ТӨЛЕГЕН, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙРКЕНОВ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...