ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЖАҢА 8 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

19:25, 27 маусым 2022

ДК: Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды индикаторларын орындау көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр. 5 айдың қорытындысы бойынша облыс экономикасына 181 млрд.теңге инвестиция тартылған. Жаңа 8 мың  жұмыс орны ашылды. Соның 45 проценті яғни 5 мыңға жуығы тұрақты. Ал, биылғы   меже бойынша 17 мың адамды  жұмыспен қамту көзделген.  Бұл туралы осы жылдың 5 айын қорытындылаған облыс әкімі Ермек Маржықпаев атап өтті. Өңір басшысы биылғы жылғы ауқымды жобалармен бөлісіп, тілшілердің сауалдарына тосылмай жауап берді. Абзал Азаматұлы айтады.

 

РКС: Биылғы брифингтің мәні мен мағынасы, тіпті өткен орны да бөлек. Осы жолы облыс әкімі көрсе көз тоймайтын көрікті Бурабай баурайында есеп берді.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Баспасөз конференциясы кезекті рет Ақмола облысының киелі жері – Бурабай курорттық аймағында өтіп жатқаны, біз үшін өте қуанышты сәт. Соңғы екі жыл, бәріміз үшін  үлкен сынақтар кезеңі болды. Осындай жағдайда, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Ақмола облысында  халыққа қолдау көрсету бойынша нақты жұмыстар жүзеге асырылуда. Алға қойылған міндеттерді  және дағдарыстан кейінгі дамудың басым бағыттарын  іске асыра отырып, біздің өңір дамудың оң серпінін сақтап қалды.

 

РКС: Ал, енді рет-ретімен айтайық. Алдымен өңір басшысы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды. 5 айдағы өнеркәсіп-өндірісінің көлемі 109 процентке жетіп, 543 млн.теңгеге жетті. Құрылыста қарқын алған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құрылыс 1,2 процентке артып отыр. Тамақ өнеркәсібіндегі көрсеткіште көңіл қуантады. Мәселен соңғы 3 жыл ішінде едәуір өскен. Айталық, республика бойынша осы саладағы облыстың үлесі 12 процент.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///қазақша///// Жыл басынан бері 66 млрд. теңгеден астам сомаға жергілікті азық-түлік тауарлары өндірілді. Бүгінгі таңда, ақмолалық тауар өндірушілердің өндірісі облыс халқының қажеттілігінен  тағамдық жұмыртқа бойынша 3,5 есеге,   құс еті бойынша 8 есеге,
ұн бойынша 35 есеге,  сүт бойынша 2,5 есеге асып түседі. 2025 жылға дейін
1,3 триллион теңгеге үш жүз төрт жобаны жүзеге асыру, шамамен 13,5мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

РКС: Сондай-ақ, өңір басшысы әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағытындағы жұмыстарға жеке тоқталды. Шеттен шыққан шекер бағасы да бақылауда екенін атап өтті. Бұдан бөлек, брифингтегі сұрақ-жауап бөлімінде де бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Алғашқы сауал Қосшы қаласының дамуы мен өркендеуі бағытында жолданды. Айталық, Қосшының қала болғанына жыл асты.

Ест.шум: Қосшы қаласында осы жылы қандай жұмыстар жасалады?

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бірқатар жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеп жатырмыз. Жақын арада біз 50 млрд.теңгеге жоспарланған 30-ға жуық ірі жобаны жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Жауапты ведомоства өкілдерімен келісілді.

РКС: Жылудан таршылық көрген тұрғындардың жан-айқайында тілшілер әкімге жеткізді. Бұл мәселе әсіресе облыс орталығында әлі де өткір қалпында тұр. Өз кезегінде облыс әкімі аталмыш мәселенің алдағы 2-3 жылда шешімін табатынына сенім білдірді.

СНХ:  ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Биыл энергетика министрлігі осы жобаны алдына қойып, қарастырып жатыр. 2025 жылы үлкен ТЭЦ құрылысы басталмақ. 2-3 жылдың ішінде осы мәселе шешіледі.

РКС: Жалпы есепте облыс әкіміне брифинг барысында 24 тілші сауал жолдады. Олар әлеуметтік сала, инфрақұрылым, медицина және тағы басқа салаларды қамтыды. Ал, брифинг соңында өңір басшысы барша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін келіп жеткен кәсіби мерекесімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:   Ертеңгі кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын. Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, жұмыстарыңызға табыс, жеңіс тілеймін.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

 

Тақырып бойынша материалдар

COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
13:09, 21 шілде 2022
COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
Толығырақ...
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
13:00, 21 шілде 2022
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР
12:59, 21 шілде 2022
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар