ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 92 ӨРТ ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ

20:15, 24 қараша 2021

ДК:Өңірде өрт дерегі азаймай тұр. Жылыту маусымы басталғалы жеке тұрғын үй секторында 92 өрт дерегі тіркелді. Шығын көлемі 26 млн.теңге. Ал, 16 қараша күні Шортанды ауданында газ баллоны жарылып, 5 адам ажал құшты. Өкінішке орай оның 3-і бала.

РКС:Шортандыдағы қайғылы оқиға қабырғаны қайыстырады.Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Мәлғаждар Тәткеев мәлімдеді. Айталық, жылыту маусымы басталғалы газ баллон өртінің 2 дерегі тіркелген. Сәйкесінше, қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, арнайы санаттағы жандарға екпін түсірілген.

СНХ: МӘЛҒАЖДАР ТӘТКЕЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударылады. Олардың үйлерінде шамамен 5 мың улы газдың автономды датчигі орнатылды және 1678 түтін мұржасы тазартылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына қосымша 824 датчик орнатылады.Жоспарлы жұмыстың нәтижесінде, әлеуметтік ғимараттардан және көп қабатты тұрғын үйлердің объектілерінен соңғы 5 жылда 176 қазандық оның ішінде ағымдағы жылы 29 қазандық шығарылды. Қалған 60 қазандықты шығаруды аяқтау, келесі екі жылға жоспарлануда.

РКС:Жалпы жеке сектордағы үйлерде өрттің алдын-алып, қауіпсіздік шараларын күшейту керек. Жергілікті құтқарушылар осылай деп дабыл қағуда. Жыл басынан бері облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары 100 мыңнан астам үйге мониторинг жүргізген. Нәтижесінде 10 мыңнан астам үйден қауіпсіздік ережелерінің сақталмағаны анықталды. Әсіресе, газ баллонға салғырт қарап, кейін опық жейтін тұрғындар қатары  көп.

СНХ:НҰРЛАН АТЫҒАЕВ,ОБЛЫСТЫҚ  ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Осы жылдың 11 айында газ баллонының 7 жарылысы тіркелді. 5 адам қаза тапты. 23 адам жарақат алды. Жазатайым оқиғалардың басым бөлігі Көкшетау қаласы мен Целиноград, Шортанды, Бұланды, Бурабай аудандарында тіркелуде.

РКС:Сондай-ақ, биыл  930 өрт гидранты жөнделді. Оған облыстық қазынадан 33 млн.теңге бөлінген. Бұдан бөлек, облыс орталығына шалғай орналасқан елді-мекендерде 37 өрт бекеті ашылды.


АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕРІК МАНАП, КӨКШЕ-АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...