ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

БИАТЛОН. ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЕКІНШІ ОРЫНДЫ ЕНШІЛЕДІ

14:35, 3 сәуір 2019

СТЭНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, РЕДАКТОР:

РКС: Шаңғы жолында желмен жарысып, нысанаға дөп тигізетін мергендікті қоса меңгерген спортшылар сайысы соңғы жылдары елімізде қанатын кеңге жайған. Бүгінгі таңда, қазақстандық биатлоншылар әлемдік додаларда биіктен көрініп жүр. Қазақстан Республикасының осы маусымдағы соңғы чемпионатына да танымал тарландар жиналды.

СНХ: МАҚСАТ ШАРАНОВ, БИАТЛОННАН ҚР БАС БАПКЕРІ: /// Маусым соңындағы ел чемпионатына құрама команданың белді мүшелері де келді. Олар Азия чемпионаттарына қатысып, жүлдемен оралған қыз-жігіттер. Әлемде теңдесі жоқ ұлттық шаңғы орталығында өтіп жатқан жарыстың мәртебесі биік. Сөз орайы келгенде, Ақмола облыстық жоғарғы спорттық шеберлік мектебінің директоры Аян Шөкенов бастаған мамандардың осынау жарыстың биік деңгейде өтуіне қосып жатқан үлесін атап өткім келеді. Сондай-ақ, ақмолалық биатлоншылар осы чемпионатта көш бастады. Демек, жерлестеріміздің шеберлігі артып келеді деген сөз.

РКС: Нысана көздеп атудан аз-кем қателік жіберген жерлестіріміз осынау олқылықты эстафеталық жарыста орнын толтырды. Әр биатлоншы командаға тиісті үлесін қоса білді.

СТЭНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, РЕДАКТОР:

СНХ: РОМАН ЕРЕМЕНКО, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БИАТЛОНШЫСЫ: /// Нысана көздеуде кеткен қателікті эстафетада ұжымдаса жұмыс істеудің арқасында тез арада түзедік. 7 жарым шақырымдық қашықтықта қарсыластарды қапы қалдырдық.

СНХ: ПЕТР ЕРМОЛЕНКО,  АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БИАТЛОНШЫСЫ: /// Командалық серіктерім Роман, Бексейіт, Петр, Александр эстафеталық жарыста үздік нәтиже көрсетті. Олар бірлесе жұмыс істеді. Нәтижесінде командамызда екінші орынға алып шықтық.

РКС: Осы эстафеталық жарыста жасөспірімдер командасы да үздік нәтиже көрсетті. Қыздарымыз да суырылып алға шықты. Сөйтіп, жалпы командалық есепте Ақмола облысы екінші орынды еншіледі. Біздің қоржынымызға 5 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль түсті. Қазақстан Республикасы чемпионатының басы қасында болған облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебінің жетекшісі Аян Шөкенов осынау толағай табыс аянбай маңдай тер төгудің нәтижесі,-дейді.

Қалымбек Мұхамеджанов

Тақырып бойынша материалдар

 АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
10:52, 4 шілде 2019
АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Толығырақ...
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
16:53, 20 маусым 2019
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...