
РКС: Атбасарлық бокс сүйер қауым бұрын соңды мұндай сайыстарды өз шаршы алаңында тамашалағандарын айтады. Шынында да, еліміздің барлық облыстары мен үш қаласынан келген үміткерлердің үлкен спортқа алғашқы қадамы тың төскейінде тұсауын кесті. Он екі, он үш жас аралығындағы спортшылардың шеберлігі енді ғана жетіліп келеді. Десе де, бокстың қыры мен сырын тәп тәуір меңгеріп қалған өрендер де аз болмады. Әсіресе жергілікті боксшылар жанкүйерлерді қуанышқа кенелтті.
СНХ: АБАЙ ЖАҚСЫЛЫҚОВ, АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ ///
РКС: Жиырма жылдан астам Атбасар боксының мәртебесін асырып келе жатқан білікті бапкер Абай Жақсылықов шәкірттерінің әлі де талай спорттық биіктерді бағындыратынына сенімді. Бірнеше күнге созылған ел чемпионатында жергілікті боксшылардың жарқырап көрінуі соның дәлелі болса керек.
Стендап: Қалымбек Мұхамеджанов, редактор ///
РКС: Тартысты өткен сайыстар барысында өз қарсыластарынан басым түскен атбасарлық боксшылар Павел Токарев, Виктор Литвинов, Батырхан Сейтенов Қазақстан Республикасының чемпиондары атанды. Оларды Азамат Мағзұмов пен Руслан Әбілов жаттықтырады. Сондай ақ, үздік боксшы атанған Батырхан Сейтеновке жерлестері дән риза болды. Мұнымен қатар, Ақмола облысынан Константин Сливин мен Бағдат Тұрбеков жүлдегер атанды.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ