ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

Даңқты батырдың құрметіне шахмат турнирі өткізілді

16:45, 8 қазан 2015

Көкшетауда Кеңес Одағының батыры, академик, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері және жазушы Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығына арналған шахмат турнирі ұйымдастырылды

Көкшетауда Кеңес Одағының батыры, академик, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері және жазушы Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығына арналған шахмат турнирі ұйымдастырылды. Зияткерлік ойынға қаламыздың 14 мектебінің оқушылары қатысып, батыр аталарының жүлдесі үшін бақтарын сынады. 

Шахмат турнирін Мәлік Ғабдуллин музейі облыстық білім беру, мәдениет және дене шынықтыру басқармаларының қолдауымен ұйымдастырды. Ойынға қаламыздың 14 мектебінен барлығы 60-қа жуық оқушы қатысып, жігерлі ойын өрнегін көрсете білді. 

Мәлік Ғабдуллин ұстаз ретінде шәкірттерінің зияткерлік ойлау қабілетін, жылдам ойлау, тез шешім қабылдай білу сияқты қасиеттерін дамыту мақсатында шахмат ойынын насихаттаған,-дейді Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек.

Ойын жеңімпаздарына Кубок, медальдар мен грамоталар және бағалы сыйлықтар тағайындалды. Сондай-ақ, турнир Мәлік Ғабдуллиннің мерейтойына арналғандықтан барлық қатысушыға естелік сыйлықтар дайындалған. 

Тақырып бойынша материалдар

 АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
10:52, 4 шілде 2019
АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Толығырақ...
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
16:53, 20 маусым 2019
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...