
STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, РЕДАКТОР/// Еркін ағамыз облыс тізгінін ұстап тұрған кезде спорттың барлық түріне жете көңіл бөлді...
РКС: Еркін Әуелбеков турнирінің жүлдесін сарапқа салуға өз елімізбен қатар, жақын шетелдерден де жүздеген жасөспірім балуандар келді. Олар қатар-қатар төселген үш кілемде күш сынасты. 2002-2003 жылдары және 2005-2006 жылдары туған спортшылар белдесулерге мықты дайындықпен келгендіктерін бірден көрсетіп бақты. Кілем иелері, Ақмола облысының өрендері де жүлделі орындардан көрінді.
СНХ: ӘМІР САЙЛАУБЕКОВ, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ /// Мен грек-рим күресімен бірнеше жыл бойы айналысып жүрмін. Шеберлігімді әр жарыс сайын жетілдіріп келемін. Еркін Әуелбеков атамыздың турнирі жылдың маңызды жарысы. Сондықтан, тиянақты дайындықпен келдік. Бапкерім Нұрсұлтан ағайдың ақыл-кеңесі жеңіске жеткізді. Жазғы демалыс күндері де жаттығуды үзбей жалғастырамын. Алда тағы да жауапты жарыстар күтіп тұр.
РКС: Күрес фестивалінің шырайын аша түскен Әуелбеков турнирінің бозкілеміне шыққан жасөспірімдер грек-рим күресінің айла-тәсілдерін жетік меңгергендіктерін көрсетті. Жеңімпаз және жүлдегер болған өрендер жанкүйер ықыласына бөленді.
СНХ: МАХМҰТ МҰҚАТАЕВ, СПОРТ АРДАГЕРІ /// Еркін Әуелбеков Көкшетау облысын басқарып тұрған кезде талай спорт ғимараттары бой көтерді. Соның бірі – «Юбилейный» стадионы болатын. Қазір ол үлкен триатлон кешеніне айналып, талай талантты спортшыларды биік дәрежеге жеткізді. Ағамызды еске алуға арналған турнирде жас балуандар тамаша өнер көрсетіп жатыр. Соған қуаныштымыз.
РКС: Еркін Әуелбеков турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтарға ие болды. Ең бастысы, кейінгі толқын ұрпақ аты аңызға айналған адамның рухын асқақтатты.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ