
STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, РЕДАКТОР///
РКС: Теңбіл доп тебудің әдемі айла-тәсілдерін енді ғана меңгеріп келе жатқан өрендер екі топқа бөлініп, алаңға шықты. Көршілес Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласы мен өз аймағымыздың бірнеше адамнан келген жасөспірім футболшылар мектеп лигасы кубогын жеңіп алу жолында жасыл алаңда жасындай жарқырады. Сөйтіп, жанкүйерлер көңілінен шықты.
СНХ: КЕНЖЕҒАЛИ НҰРСЕЙІТОВ, ЖАНКҮЙЕР/// Мектеп лигасы ойындарының барлық турын көрдім. Жасөспірімдердің шеберлігі артып келе жатқандығы бірден байқалады. Бүгінгі ұрпақ бақытты. Мынандай жасыл жамылғылы «Жабық» спорт кешені тіптен жігерлендіре түседі. Осы орайда барлық ата-аналар атынан спорт ғимаратын салуға мұрындық болған Көкшетау қалалық Мәслихатының депутаты, «Оқжетпес» балалар футбол мектебінің директоры Мұрат Түкеевке алғысымыз шексіз.
РКС: Мектеп футбол лигасы спорттың осынау түрінің облысымызда бұқаралық сипат алуына септігін тигізді. Жақсы дайындықпен келген командалар жүлделі орындардан көрінді. 2008 жылы туған өрендер арасында Көкшетаудағы «Оқжетпес» балалар футбол мектебінің командасы жеңіске жетті. Екінші орынды «Энергетик» командасы еншіледі. «Альтаир» футболшылары 3-ші жүлдегер атанды.
СНХ: НҰРДӘУЛЕТ ИДИРОВ «ОҚЖЕТПЕС» БЖФМ ОЙЫНШЫСЫ
РКС: 2005-2006 жылдары туған спортшылар арасында Көкшетау қаласындағы футбол орталығының командасы чемпион атанды. Турнир кестесінің екінші сатысына «Оқжетпес» балалар футбол мектебі көтерілді. Көкшетаудың тағы бір командасы, футбол орталығының өрендері үшінші орынға табан тіреді.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ