ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

ХОККЕЙДЕН ӘУЕСҚОЙЛАР ЛИГАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

14:20, 18 сәуір 2019

РКС: Өңір хоккейшілері тек республикада емес халықаралық аренада өздерінің шеберліктерін паш етіп жүргендігі еліміздің мұз үсті сайысының қарыштап дами түскендігінің айқын белгісі. Ал, шайбылы хоккейден әуесқойлар лигасының жалау желбіретуі бұған толық дәлел бола алады. Қатысушылар өздерінің спортқа деген ынта жігерін байқатып, естен кетпес әсерге бөленді. Биыл тұңғыш рет ұйымдастырылып отқан бұл сайыс келер жылдан бастап дәстүрге айналмақ.

СНХ: ВИКТОР КУРЯЧИЙ, БАС ТӨРЕШІ  /// Мінекей, бүгін лиганың соңғы күні. Ойындар өте жоғары деңгейде өтті деп айта аламын. Төрешілер де тісқаққан спорт ардагерлері. Биыл алғаш рет өткізіліп жатқандықтан кеткен қателіктерді реттеп келер жылы бұдан да жоғары дәрежеде өткіземіз деп жоспарлап отырмыз.

РКС: Мұз додасында Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданының шайба шеберлерінен құралған 6 команда бақ сынасты. Қараша айынан бастау алған лигада командалар жалпы әр кезеңі 15 минуттан тұратын 30-ға жуық ойын өткізген. Финалдық бәсекеге парапар ойынның бірі марапаттау рәсімінің алдында өткізілді. Қорытынды ойында «Арлан» хоккей клубының ардагерлері мен Көкшетау қаласының хоккей ардагерлері кездесіп, ойын 4:2 есебімен «Арлан» ардегерлерінің пайдасына шешілді.

СНХ: РАТМИР НАДЫРОВ, «АРЛАН АРДАГЕРЛЕРІ» КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ  /// Соңғы ойында Көкшетау ардагерлері командасымен кездестік. Өздеріңіз куә болғандай ойын өте тартысты өтті. Бірақ ерік жігіерімізді танытып жеңімпаз атандық. Қатты қуаныштымын.

РКС: Сырғытпа таяқ шеберлерінің байрақты бәсекесінде өз қарымдарын қайрап, «Арлан» клубының ардагерлер командасы оза шапса, «Бурабай» мен «BI GROUP» хоккейшілері өзара күміс пен қоланы сарапқа салды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, келер жылғы лига ойындарына қатысуға қазірдің өзінде 12 команда өтінімдерін жолдаған.   

ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ

Тақырып бойынша материалдар

 АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
10:52, 4 шілде 2019
АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Толығырақ...
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
16:53, 20 маусым 2019
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...