ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС

14:42, 11 маусым 2019

РКС: Жарыстың ашылу салтанатында облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полковник  Виктор Букреев өз сөзін ардагерлерге құрмет көрсетумен бастады. Сонымен қатар, ішкі істер саласына сіңірген еңбектерін ескеріп, алғыс айтып, аталмыш турнирде сәттілік тіледі.

СНХ: ВИКТОР БУКРЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ///Салауатты өмір салтын сақтап жүрген ардагерлермен,  яғни сіздермен біз мақтанамыз. Басшылық атынан сіздерді келе жатқан төл мерекелеріңізбен құттықтаймын. Осы жарыста барлықтарыңызға сәттілік тіледім. Жақсы ойын өрнегін көрсетеді деген сенімдемін.

РКС: Полиция қызметкерлері арасындағы бірлікті  нығайтуды мақсат еткен  спорттық кездесу тартысты басталды. Жарысқа өңірдің Бурабай, Зеренді, Сандықтау аудандарымен қатар Степногорск қаласы және жергілікті полиция басқармасынан 6 команда қатысты.  Ардагерлер  спорттың волейбол, теннис және дойбы түрлерінен өзара бақ сынасып, үздіктерін анықтауға тырысты. Егде жасқа келгендерімен, іс-қимылдары шапшаң, бойлары сергек, ойлары ұшқыр екендіктерін көрсетті.

СНХ: АРДАҚ СҮЛЕЙМЕНОВ, ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ // Біз Степногорск қаласының ішкі істер бөлімінің атынан  қатысып отырмыз. Құрамда 8 адам. Қазір спорттың волейбол, теннис, дойбы сынды ойын түрлерінен тартысқа түспекпіз. Жеңіске деген  үмітіміз зор. Барлығымыздың басымыз қосылып, арқа-жарқа болып қалдық. Ұйымдастырушыларға да айтар алғысымыз шексіз.

РКС: Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған турнирде облыстық полиция департаментінің аппаратынан жасақталған команда алғашқы орынды иеленсе, екінші жүлде Бурабай ауданынан келген ардагерлерге бұйырды. Ал, жүлделі үшінші орынды қалалық полиция басқармасы місе тұтты. Жарыс соңында белсене қатысқан командалар  арнайы номинациялармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША КӨКШЕ-АҚПАРАТҚА ӘЗІРЛЕГЕН   МАҚСАТ БОЛАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

 АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
10:52, 4 шілде 2019
АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Толығырақ...
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
16:53, 20 маусым 2019
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...