
РКС: Каратэ-до қарусыз қорғанудың бір түрі, қол және аяқпен қарсыласы денесінің неғұрлым осал тұсына соққы беруі қажет. Ережесі солай. Шапшаңдық, шыдамдылық аса қажет. Осыларды ұтымды пайлансаң, жеңімпаз атануың ғажап емес. 40 мемлекеттен 2000-мыңға тарта спортшы жиылған биылғы әлемдік бәсекеде жерлестер осындай нәтижемен ұрыс өткізіп, 1 алтын, 1күміс, және 2 қоланы еншіледі.
СНХ: ДАНИЯР РАХЫМЖАНОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ //// Жапонияның Токио қаласында Әлем чемпионаты өтті. ҚР құрамасына Ақмола облысынан 6 спортшы қатысты. Ал, жалпы құрамадан 30 спортшы қатысты. Біздің облыс 1 алтын, 1 күміс, 2 қола алды. Біздің балалар Қазақстанға ғана емес, сонымен қатар әлемге мықты екенін көрсетті.
РКС: Әлем мықтылары бәстескен спортшылардың мақсаты бір - ол жеңіске жету. Ал, Жапония елінде өткен жарыс ел спортшылары үшін өз шеберліктерін көрсететін үлкен мүмкіндік болды. Соңғы жылдары өңірде каратэге деген қызығушылық басым. Жастардың ынтасы да, мүмкіндігі де мол.
СНХ: ӘДІЛ ТАШЫМ, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ /// Токио қаласында Әлем чемпионаты жоғары дәрежеде өтті.Мен 4 жекпе-жек өткіздім.Мексика қаласының спортшысымен шықтым.Солай 4:2 есебімен жеңдім.Сөйтіп Әлем чемпионы деген атаққа ие болдым.
РКС: Каратэшілердің алға қойған мақсаттары мен жоспарлары көп. Олар енді көп ұзамай Шымкент қаласында өтетін ҚР чемпионатына қатыспақ.
МАҚСАТ БОЛАТҰЛЫ