
РКС: Татамиге шыққан каратэшілердің әрқайсысы жеңістен үмітті. Ката мен кумитэнің сырын толық меңгерген олар жоғары дәрежеде ұрыс өткізе білді. Ал, жалпыкомандалық есепте Ақмола өңірі алдыңғы орындардан көрінді. Жерлестер 6 алтын, 3 күміс, 11 қола медальді қанжығаға байлап қайтты.
СНХ: ДАНИЯР РАХЫМЖАНОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ /// Ақтау қаласында ҚР чемпионаты өте үлкен деңгейде өтті. Елімздің барша облыстары мен клубтары қатысты. 22 команда қатысты. 800 ге жуық спортшы татами үстіне шықты. Біздің Ақмола облысынан 32 спортшы біздің өңіріміздің намысын қорғады. 6 алтын,3 күміс және 11 қола медальді қоржынға байладық. Наурыздың 15-сі Токио қаласында әлем чемпионаты өтеді.Соған дайындалып жатырмыз.
РКС: Жарыстың жойқын болғаны соншалықты, дене жарақатын алғандар да бар. Солардың бірі Антон Цимбл. Ақмола облысының абыройын асқақтатамын деп аяқ тұсын шығарып алған. Бірақ, ол намысты қолдан бермеген. Нәтижесінде, қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп,чемпион атанды.
СНХ: АНТОН ЦИМБЛ, САЙЫС ЖҮЛДЕГЕРІ /// Мен үш ұрыс өткіздім. Кездескен қарсыластарым да осал емес. Бірақ талмай тынбай жаттығу жасағанымның септігі болар шыдадым.Соңында чемпион атандым.Жеңісім-бапкерлердің арқасында келді.Алғыс айтамын.
РКС: Каратэшілердің алға қойған мақсаттары мен жоспарлары көп. Олар наурыз айының 15-ші жұлдызында Токио қаласында өтетін WKC каратэден әлем чемпионатына қатыспақ. Жаһандық бәсекеде ерлікті ту етіп,алдыңғы саптан көрінеді деген сенім мол.
МАҚСАТ БОЛАТҰЛЫ