ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІ. БӨГЕНБАЙ БАТЫР АТЫНДАҒЫ ТУРНИР БИІК ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

14:37, 1 сәуір 2019

РКС: Жастар жылындағы алғашқы ауқымы кең спорттық шараның ашылу рәсімі сән-салтанатымен өтті. Жергілікті өнерпаздар спортшылар мен жанкүйерлерді әуелеген әсем ән және күмбірлеген күймен сусындатты. Мұнан соң, белдесулер басталып кетті.

РКС: Абылай хан «Бәрін айт та бірін айт, Қанжығалы Бөгенбайды айт, Ақылдың жатқан үйің табушы еді...» деп Абылай хан баға берген баһадүр батырдың тәуелсіз елде туып, еркін өсіп келе жатқан балуандары Ерейментау қаласында күш сынасты. Бозкілем иелері осынау байрақты бәсекеге ауданның бірнеше ауыл-аймағынан қырықтан астам қазақ күресі балуандарын қосып, тәжірибе жинақтады.

СНХ: ӘЛІМЖАН ШОНАНОВ, БӨГЕНБАЙ БАТЫР ҰРПАҒЫ ///Бұл жарыстың негізгі мақсаты – Бөгенбай бабамыздың рухын асқақтату. Оның есімін мәңгілікке есте сақтау. Осы орайда, даңқты қолбасшының ұрпақтары жергілікті спорт мамандарымен бірлесе отырып, осы турнирді өткізіп келеміз. Қажетті қаржы-қаражатты өз қалтамыздан шығарып, қазақ күресінің бұқаралық сипат алуына үлес қосып жүрміз. Ерейментауда өтетін бұл жарысқа жергілікті жасөспірімдерді көптеп тарту арқылы ұлттық спорттың мерейін өсірудеміз.

РКС: Осынау турнирден тұсауы кесілген кешегі жасөспірімдер бүгіндері қазақ күресінің мықты шеберлеріне айналған. Әсіресе, бұл үрдіс Ерейментау ауданында айқын сезіледі.

СНХ: СӘРСЕНБЕК ӨТЕПОВ, АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ ///Аталмыш жарыстың географиясы кеңейіп келеді. Биыл оған 150 бала қатысып, күш сынасты. Олардың басым бөлігі жергілікті ұландар болатын. Көршілес Павлодар, Қарағанды облыстарынан да жасөспірімдер келіп, жақсы өнер көрсетті. Бұл жарыстың өтуіне Бөгенбай бабамыздың ұрпақтары мұрындық болып келеді. Сол үшін оларға алғысымыз шексіз.

РКС: Бөгенбай батыр атындағы ашық турнир елімізде қазақ күресінің бұқаралық сипатқа ие екендігін тағы да айқындай түсті. Бозкілемге шыққан 12-13 жас аралығындағы өрендер әдемі әдіс-айла қолдана білді. Өз бозкілемінде Ерейментау ауданының балуандары Қасым Әбдуакпар, Олжас Жақсылықов, Жасұлан Айдарханов, Қуаныш Бектемір, Атамбек Ақжол жеңіске жетіп, жерлестерін қуанышқа кенелтті.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ

Тақырып бойынша материалдар

 АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
10:52, 4 шілде 2019
АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Толығырақ...
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
16:53, 20 маусым 2019
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...