ШҰҒЫЛ! СПОРТ ЗАЛДАРЫНЫҢ САНЫ КӨБЕЮДЕ Толығырақ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІ. ТӘШМҰХАММЕД КӨПБЕРГЕНҰЛЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР

15:39, 20 наурыз 2019

РКС: Қазақ күресі ұландарымызға ұлттық болмыс пен рухты, отансүйгіштік қасиетті ұялатар спорт түрлерінің бірі. Соңғы жылдары қарыштап қарқын алып жатқан күрестің бұл түрінен «Қазақстан барысы», «Әлем барысы», «Еуразия барысы» сынды додалар ұйымдастырылып, әлем халықтарының бұл спорт түріне қызығушылығы артып келеді. Балуандардың білегі сыналар боз кілем жарысы өңірде тағы бір рет жалауын желбіретті. Бірлестік ауылында мәдениет саласында 30 жыл еңбек еткен қадірлі азамат Тәшмұхаммед Көпбергенұлын еске алуға арналған облыстық біріншілікке 7 ауданнан 80-ге жуық балуан қатысты.

СНХ: НҰРБЕК ТӘШМҰХАММЕДОВ, ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ////// Әкеміз мәдениет саласында біраз жыл тер төкті. Бүгін міне ұлдары, қыздары болып ол кісіні еске алуға арналған қазақ күресінен жарыс ұйымдастырып отырмыз. Ауылымызда ұлттық спорттың бұл түрі жақсы дамыған. Осы сынды жарыстар арқылы жастарымызды бұқаралық спортқа тарту мақсатымыз.

РКС:  Жарыс – спорт  аламанының алтынын межелеген 26 мен 57 килограмм салмақтағы  2004-2009 жылғы жасөспірім саңлақтар арасында өтті. Биыл екінші рет өткізіліп жатқан аталмыш дода жыл сайын дәстүрге айналмақ.

СНХ: ЖҰМАН МҰҒЖАНОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ БАПКЕРІ/// Турнир биыл екінші рет өткізіліп жатыр. Балуандардың аяқ алысы жақсы. Аудандардан мықты мықты жас спортшылар келді. Әлем чемпиондары ауылдан шығып жүр. Сондықтан ауылдың спортын жандандыруға барынша атсалысамыз.

СНХ: НҰРДӘУЛЕТ АМАНГЕЛДІ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ  /// Қазақ күресімен 3 жылдан бері айналысамын. Біраз бұрын республикалық жарыстың чемпионы атандым. Ал бүгінгі жарыстың бірінші айналымын жеңіспен аяқтадым. Мені жаттықтырып жүрген бапкерім Жұман Мұғжановқа алғысым шексіз.

РКС: 1938 жылдан бастап жарыс түрлеріне ресми түрде енген қазақ күресін қазақ елі қашан да қастер тұтқан. Ұлттық рухтың тұғырлылығын арттырар аталмыш спорт түрі ел жастарының салауатты өмір салтын ұстануына арқау болып, келешектің тұтқасын ұстар азаматтардың қалыптасуына сеп болмақ.

ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

 АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
10:52, 4 шілде 2019
АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Толығырақ...
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
16:53, 20 маусым 2019
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
13:17, 22 мамыр 2020
«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
Толығырақ...