ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 200 ШАҚЫРЫМ АВТОЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ МЕН КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ IX РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДА

18:59, 4 наурыз 2019

РКС: Қысқы спартакиаданың алғашқы күні Щучинск қаласындағы олимпиадалық даярлау орталығында шаңғы жарысынан бастау алды.  Мұнда еліміздің  әр  өңірінен  200-ге  тарта   жас  спортшы, 12 құрама  келді. Дәл осындай су жаңа спорт орталығы, тұмса табиғат олардың жемісті жеңіске  деген  сенімдерін  еселей түсті.

СНХ: ОЛЬГА УШМУГИНА, ҚАТЫСУШЫ (КӨКШЕТАУ)/// Биылғы жыл жақсы болады деп ойлаймын. Өйткені мен үнемі бірінші, екінші келіп жүретінмін. Биыл өткен жылмен салыстырғанда жақсы  өтуде. Өйткені6 ауа райы өзгеріп тұрады. Жолдар жаңа. Былтыр  ескі  жолдың бойымен  жарысқанбыз. Ол өте нашар болатын.

РКС:  Ал шалғай оңтүстік өңірінен келгендер Көкше жерінің табиғатын салқын деп  бағалады. Бұл заңды да.

СНХ: НУР ХАЛАК, ҚАТЫСУШЫ (АЛМАТЫ) /// Алматымен салыстырғанда бұл жақ салқын әрине. Дайындық жаман емес. Бұған дейін облыс атынан шығып жүрсем, енді Алматы қаласының намысын қорғаудамын.

РКС: Шаңғы жарысы наурыздың 6-сына дейін  қысқа, яғни спринт  және  ұзын  қашықтық бойынша, сондай-ақ эстафета түрінде  өтеді. Ал спартакиаданың негізгі ашылу салтанаты 4 наурыз күні болмақ. Ол кезде  Бурабай  төрі  еліміздің 1000-ға жуық спортшы өрендерін  қарсы  алады. Айта кету керек, қысқы спартакиада еліміздің тағы 3 қаласында өтуде.

СНХ: МИРА МҰХАМАДИЕВА,  ҚР СПОРТ ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ  ЗЕРТХАНА ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ/// Қысқы спорт түрінен өткізетін 10 спорт түрі бар. Алматы  қаласында мәнерлеп сырғанау, Астана қаласында шорт-трек пен коньки тебу.Орал қаласында бенди өтіп жатыр. бүгінгі жарыс бойынша айтатын болсақ, жергілікті әкімшілікке, білім басқармасына алғыс айтамыз. Жарыстың  жоғары деңгейде  өтуіне барынша ат салысуда. Спорт алаңдары да жақсы екен.

СТЭНД-АП:  АЙГҮЛ    МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, РЕДАКТОР/// Мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы 9-шы қысқы спартакиаданың  қорытындысы 8 наурыз күні шығарылады. Айта кетейік, дәл осындай қысқы ойындар  елімізде екі жылда бір мәрте ұйымдастырылады.   Бүгінгі шарадан  кейін   келесі қысқы   ойындар   қай   өңірде   өтетіндігі   белгілі   болады. Ол  2021 жылға жоспарланады.

АЙГҮЛ  МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

 АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
10:52, 4 шілде 2019
АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Толығырақ...
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
16:53, 20 маусым 2019
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМ: 33 БАПҚА 56 ӨЗГЕРІС ЕНУІ МҮМКІН
19:30, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ: 33 БАПҚА 56 ӨЗГЕРІС ЕНУІ МҮМКІН
Толығырақ...
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
18:26, 25 мамыр 2022
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
Толығырақ...
ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 1 МЛРД.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
18:22, 25 мамыр 2022
ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 1 МЛРД.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
Толығырақ...