
- СТЭНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ,РЕДАКТОР //Ата-бабаларымыз ойнаған спорт түрі бұл...
- РКС: Мұз айдынына шыққан командалардың жас мөлшері әр-түрлі. Мектеп оқушылары студенттер мен мемлекеттік қызметшілер өзгеде саланың өкілдері ширақ қимылдап,қарсыластар қақпасына шайбы дарытып жатты. Шеберлік пен жеңіске деген ұмтылыс бірден байқалады.
- СНХ: МҰРАТ ТҮКЕЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ /// Соңғы жылдары ата-баба дәстүрін қайта жаңғырту спорт саласына да келіп жетті.Бұл үрдіс әр жарыс сайын көрініс табуда.Мәселен,бұдан 5-6 жыл бұрын 10 команда қатысатын болса осы жылы оның саны бірнеше есеге артты.Әсіресе,ардагер спортшыларымыздың мұз айдынындағы ширақ қимылы қуантады.
- РКС: Шынында да,ардагер хоккейшілердің жылдам қимылы техникалық шеберлігі көз қызықтырады.Виктор Курячиий бастаған қариялар командасы қарсыластар қақпасына бірнеше шайбы салып,әдемі ойын өрнегін көрсете білді.
- СНХ: ВИКТОР КУРЯЧИЙ,СПОРТ АРДАГЕРІ /// Мен пима-хоккейді бала кезімнен ойнаймын.Бұл өте қызықты спорт түрі.Жасым жетпіске таясада қолымнан хоккей таяғын тастаған емеспін.Салауатты өмір салтын осылайша насихаттап жүрмін.
- РКС: Спорт саласының өкілдері де қалыс қалған жоқ.Олар бірнеше командаға бөлініп,мұз айдынына шықты.
- СНХ: АЯН ШӨКЕНОВ,ОБЛЫСТЫҚ ЖОҒАРҒЫ СПОРТТЫҚ ШЕБЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ /// Қысқы спорт түрлері фестивалінің аясында бірнеше аймақта жарыстар өтті. Атап айтқанда, Бурабай,Зеренді,Сандықтау өңірлерінде шаңғышылар жарыс жолына шықты.Көкшетауда пима-хоккей жарысына бірнеше команда қатысып жатыр. Осынау бәсекеде спорт мектептерінің бапкерлері мен шәкірттері өз шеберліктерімен дараланып көзге түсті.
- РКС: Қайта жаңғырып, жастар арасында да бұқаралық сипатқа ие болған пима-хоккей жарысы қыс соңына дейін өңіріміздің әр түкпірінде жалғасын таппақ.
- ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ