ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 200 ШАҚЫРЫМ АВТОЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ «ХРУСТАЛЬНЫЙ КОЛОС» СПАРТАКИАДАСЫ

18:59, 4 наурыз 2019

РКС: Макинск қаласының орталық алаңы әсем ән мен тәтті күйге бөленіп, қысқы спартакиадаға қатысушы   командаларды  көтеріңкі көңіл-күймен  қарсы алды.  Сап түзеп ортаға шыққан спортшылар  жергілікті жұртшылықтың қонақжайлылығын сезініп, ерекше бір сезімге бөленді.

СНХ: АЙНА МҮСІРӘЛІМОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ// Спорт денсаулық кепілі, салауатты өмір салтын қалыптастырудың жарқын жолы. Бұланды жерінде жалауын жаққан облыстық қысқы спартакиадаға спортшылар жан-жақты дайындықпен келді. Олардың әрқайсысы жеңістен үмітті. Салтанатты ашылу биік деңгейде өтуде. Жарыс жолында ең мықтылардың жеңіске жететініне сенімдіміз. Спорт ұлт денсаулығы Елбасымыз алдағы 20 жылға дейін Қазақстан халқының 30 пайызын спортқа тарту жөніндегі тапсырмасы осындай жарыстар арқылы жүзеге асады. 

РКС: Қысқы спартакиаданың алауы жағылып, Макинск қаласының түнгі аспаны от шашумен  жарқырап, жарыс жолына шығатын спортшыларды жігерлендіре түсті. Шаңғы базасы  тағы да басқа спорт нысандарында жарыс жалғасып жатты. 

СНХ: ЖОМАРТ НҰРКЕНОВ, БҰЛАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ // Біздің ауданымызға  зор сенім артылды. Облыстық қысөы спартакиаданы өткізу мәртебесіне ие болдық. Осынау маңызды шараға аудан жұртшылығы белсене атсалысты. Шараны өткізуге бөлінген қаржы қаражат толық игерілді. Бірнеше спорт нысанын қайта жаңғыртып алдық. Спартакиада біткен соң ол жерлерде жастарымыз, жергілікті жұртшылық спортпен айналысатын болады. Жалпы біздің өңірде бұқаралық спорт жыл озған сайын мықтап дамып келеді. Денсаулық кепілі спорт үшін барлық жағдайды жасаймыз.

СНХ: ДИНА ЖҮСІПОВА,  ШАҢҒЫДАН ҚР СПОРТ ШЕБЕРІ (КӨКШЕТАУ)// Отбасылық жарыстар өте тартысты өтті. Мен өзім, шаңғымен ұзақ жылдар бойы айналысқан соң қиынға соққан жоқ. Жолдасым Сәкен мен қызым Айя қысқы спорт жарысына тұңғыш рет қатысып қуанышқа кенелді. Жалпы спартакиада биік деңгейде өтті. Бұландылықтар спортшыларға барлық жағдай жасады. Алғысым шексіз. 

РКС: Жалпыкомандалық есепте аудандар арасында алаң иелері бұландылықтар бірінші орынға көтерілді. Екінші орынды Ақкөл ауданының спортшылары еншіледі. Үшінші жүлдені Есіл ауданының спортшылары алып кетті. Қалалар арасында Көкшетау бірінші, Щучинск екінші , Атбасар үшінші  орынға ие болды.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ

Тақырып бойынша материалдар

 АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
10:52, 4 шілде 2019
АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Толығырақ...
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
16:53, 20 маусым 2019
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМ: 33 БАПҚА 56 ӨЗГЕРІС ЕНУІ МҮМКІН
19:30, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ: 33 БАПҚА 56 ӨЗГЕРІС ЕНУІ МҮМКІН
Толығырақ...
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
18:26, 25 мамыр 2022
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
Толығырақ...
ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 1 МЛРД.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
18:22, 25 мамыр 2022
ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 1 МЛРД.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
Толығырақ...