ШҰҒЫЛ! СПОРТ ЗАЛДАРЫНЫҢ САНЫ КӨБЕЮДЕ Толығырақ

ӨҢІРДІҢ 6 БОЗ КІЛЕМ БАЛУАНЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

15:06, 28 ақпан 2019

РКС: Бұл Талдықорған қаласында өткен сурдо бәсеке. Аталмыш жарыс өңір спортшылары үшін олжалы болды. Спорттық шара мүмкіндігі шектеулі азаматтардың спорттық әлеуетін арттыруға септігін тигізді. Өңірден есту қабілеті нашар боз кілемнің 7  мықтысы аттанып,оны 6-уы облыс мерейін үстем етті. Ел біріншілігіне Қазақстанның 12 аймағынан  100-ге жуық спортшы қатысқан. Елімізде соңғы жылдары сурдлимпиадалық жарыстардың қарқынды дамып келе жатқанын айтқан жаттықтырушылар, болашаққа үлкен сеніммен қарайтындарын алға тартты.

СНХ: ЕРСАНАТ ҚАПАРОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ //// Талдықорған қаласында Қазақстан чемпионаты өтті. Есту қабілеті нашар спортшылар арасында. Айтарым, бұл балаларға арналған спорт түрі ерекше қарқынмен дамуда. Біздің Ақмола облысы 4 жыл айналысудамыз. Грек-рим және еркін күрестен. Чемпионатқа 7 спортшы ұсынғанбыз. Оның 6-уы жүлделі болды. 3 спортшымыз алтын алды. Бір спортшымыз күміс. 2 спортшы қола медаліне ие болды.

РКС: Қазіргі таңда «Мерген» мүгедектер спорт  клубында есту қабілеті нашар 14 балуан тәрбиеленуде. Денсаулығындағы ақауына қарамастан, олар спорттық бәсекелерде алдарына жан салмайды. Бәрі мықты. Солардың бірі, алтын жүлде иегері Николай Рублёвский. Жүлдегер жарыстың өте тартысты өткенін, қарсыластардың мықты болғанын ыммен түсіндірді. Тіпті, дайындықты одан әрі шыңдаймыз деп уәде берді.

СНХ: НИКОЛАЙ РУБЛЁВСКИЙ, ЖҮЛДЕГЕР /// Қазақстан чемпианаты өте жақсы деңгейде ұйымдастырылды. Ендігі менің мақсатым - Еуропа чемпионатына қатысу. Дайындығымды одан  әрі шыңдаймын.

РКС: Ел біріншілігінде ерекше көзге түскен өңірдің үш балуаны енді Еуропа чемпионатында бақ сынамақ. Ал, 2 жылдан соң сурдлимпиадаға  қатысу жоспарлары бар. Өңір намысын арқалаған боз кілем балуандарына біз де сәттілік тілеп қайттық.

МАҚСАТ БОЛАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

 АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
10:52, 4 шілде 2019
АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Толығырақ...
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
16:53, 20 маусым 2019
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
13:17, 22 мамыр 2020
«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
Толығырақ...