ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

ШАҒЫН ФУТБОЛ. ҚЫЗДАРБЕК МҰХАМЕДИН АТЫНДАҒЫ ТУРНИР

14:42, 28 наурыз 2019

РКС:  Тұңғыш Президенттің Қазақстан азаматтары салауатты өмір салтын қалыпты түрде сақтауы керек,- деген тапсырмасын негізге ала отырып, Шортанды ауданында алғаш рет 2007-2008 жылғы жасөспірімдер арасында шағын футболдан спорт ардагері Қыздарбек Мұхамединді еске алуға арналған турнир жалауын желбіретті. Аталмыш шара биылдан  бастап  дәстүрге айналмақ.  

СНХ: ЕРЛАН МҰХАМЕДИН, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ // /// Өткізіліп жатқан турнир спорт ардагері, менің әкем Қыздарбек Мұхамединнің құрметіне орайластырып ұйымдастырылды. Әкем кезінде ауылдық командалар ішінен жоғары лига деңгейіне дейін көтерілген Автомобилист командасының сапында өнер көрсеткен. Биыл жастарға көп көңіл бөлініп жатқандықтан, жарысты жасөспірімдер арасында өткізіп жатырмыз. Аталмыш турнир жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін болады.

РКС:  Аяқ доп бәйгесіне облыстың үш ауданы мен Шортанды ауданының ауылдарынан келген  8 команда қатысты. Командалар екі күн бойы төрт-төрттен екі топқа бөлініп ойын өрнегін көрсетті.  Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Гүлнұр Сәдуақасова мен әлемнің төрт дүркін рекордсмені Сергей Цырульников қатысып, балаларға толағай табыс тіледі.

СНХ: ГҮЛНҰР СӘДУАҚАСОВА, АУДАН ӘКІМІ/// ///Бүгінгі сайыс қатысушыларға үлкен тәжірибе. Себебі, көршілес аудандардан келген командалар біріншіден өз шеберліктерімен бөліссе, екіншіден өздерінің қарым қабілеттерін сынауына жағдай туып отыр. Сондықтан, жастардың спортқа белсене қатысуы көңілімізді қуанышқа бөлейді.

СНХ: ПАВЕЛ ПОЛОУХОВ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ /// /// Спорттың бұл түрімен 1,5 жылдан бері айналысып келемін. Бапкерім Евгений Робертович футболдың қыр-сырын өзім сияқты жастарға кеңінен үйретіп келеді. Жаңа ғана бірінші ойыннан  шықтық. Алғашқы ойын өте тартысты өтті, соған қарамай жеңіске жеттік. Жарыс соңында чемпион атансақ деген ниетіміз бар.

РКС: Теңбіл доп шеберлерінің айқасында екі күн бойы жарыс аламанында оза шауып Шортанды ауданының командасы финалдық бәсекеге жолдама алды. Финалдық бәсекеде Ақкөл мен Қорғалжын командаларының арасындағы жеңімпазбен алтынды сарапқа салатын болады.

ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ

Тақырып бойынша материалдар

 АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
10:52, 4 шілде 2019
АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Толығырақ...
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
16:53, 20 маусым 2019
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...