
РКС: Спорттың осынау қызық та күрделі түрі Көкшетау қаласында өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының соңында алғашқы қарлығаштарына қанат бітіре бастады. Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Юрий Соловьев осынау игілікті істің басы-қасында болды. Еліміздің қоржынына жерлесіміз Дмитрий Гак Азия және әлем чемпионаттарында алтын медальдар салды. Осынау үрдіс бүгінде жанды жалғасын тауып келеді. қазіргі таңда Қазақстан құрамасының сапында Ақмола облысының триатлоншылары Аян Бейсенбаев, Темірлан Теміров, Мейірлан Искаков Кипрде Азия және Еуропа чемпионатына дайындалуда.
СНХ: СЕРГЕЙ ПИХИДЬКО, ТРИАТЛОННАН АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ/// Ақмола облыстық триатлон федерациясының президенті Сандыбек Сапашұлы Қасеновтың өзі нағыз спорт бабында жүретін азамат. Ол өзінің осынау игілікті ісімен спортшыларға үлгі-өнеге. Әрқашан біздің жаттығу сәтімізді бақылап отырады. Әрбір жарыс алдында қажетті материалдық, моральдік көмек көрсетеді. Сол үшін де біз триатлон федерациясының президентіне ризамыз.
РКС: Бүгінгі таңда № 7 облыстық балалар мен жасөспірімдердің олимпиада ізбасарларын дайындайтын спорт мектебінде 200-ден астам ұл-қыздар триатлонмен тұрақты айналысады. Олардың спорттық үздік нәтижелері де көңілге қуаныш ұялатуда.
СНХ: АШРАФ КАМАЛОВА, СПОРТ ШЕБЕРІ///
СНХ: МЕДХАТ ДАИРОВ, ЖАС ТРИАТЛОНШЫ///
РКС: Енді санаулы күндерден кейін Ақмола облысының триатлоншылары Түркістанда өтетін Қазақстан Республикасының кезекті чемпионатына аттанады. Жерлестерімізге жеңіс тілейік ағайын!
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ