ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ЕЛІН СҮЙГЕН ЕР ЖАНАР!

18:12, 13 маусым 2017

Елжандылық туған өлкеге деген құрметтен басталады

Елжандылық туған өлкеге деген құрметтен басталады. Бұл қағида – Елбасы белгілеген «Туған жер» бағдарламасының өзегі. Бағдарлама жас буынның Отансүйгіштігін қалыптастыруда үлкен міндеттер қояды. Ерейментау ауданында бұл мақсатта бірқатар іс-шаралар кешені қолға алынған. Толығырақ әріптесім Ауғанбек Манарбекұлы баяндайды. Отансүйгіштік тәрбие беруде жоспарлы қадамдарды қолға алу керек. Бұл тұжырымды басшылыққа алған Ерейментау ауданының әкімшілігі Көкшетау мемлекеттік университетімен өзара әдістемелек, ғылыми-тәжірибелік қарым-қатынас орнатты. Жас буынды елжандылыққа баулуда туған өлкенің тарихи-мәдени нысандарын тиімді пайдалана білуіміз керек,- дейді өңір тұрғындары. Туған елге құрмет, әр азаматтың кіндік қаны тамған туған өлкеге деген құрметінен басталады. Бөгенбай мен Олжабай батырлар, Үмбетей жырау, Саққұлақ билердің ата қонысы болған Ерейметау, жас буынды тәрбиелеуде тағылымды тарихымен дараланады. Туған өлкені тану, оның көркеюі мен кемелденуі жолында өз үлесін қосу - Отанды сүюдің көрінісі. Бұл істе ерейментаулықтар да қалыс қалмақ емес.  

Ауғанбек Манарбекұлы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАБИҒИ ҚОРЫҚТЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ
20:39, 7 тамыз 2017
ТАБИҒИ ҚОРЫҚТЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...