ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

«ҚОҒАМ» ЖӘНЕ ЕЛЖАНДЫЛЫҚ

17:26, 15 маусым 2017

Туған жердің топырағын тұмар еткен қазақ халқы үшін кіндік қаны тамған жер, өскен өлке ерекше қастерлі.

Туған жердің топырағын тұмар еткен қазақ халқы үшін кіндік қаны тамған жер, өскен өлке ерекше қастерлі. Еңбекшілдер ауданындағы Қоғам ауылы азаматтарының елжандылығы көпке үлгі. Өлкенің тағылымды тарихы, бүгінгі болмысымен арнайы экспедиция құрамында біздің түсірілім тобы танысып қайтты.  

Бұл Патшалық Ресей Думасына екі рет сайланған жерлесіміз, әйгілі ұлт жанашыры Шәймерден Қосшығұловтың ауылы. Жергілікті мектепке арыстың есімі беріліп, оның өмір жолы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде бірегей құралға айналған.

Ауыл жастарына елжандылық рухын сіңіруде Шәймерден Қосшығұлов мұраларының орны бөлек. Сол себепті арнайы мұражай ұйымдастырылып, көнеден сыр шерткен жәдігерлер жинақталған. Мұның барлығы оқушыларды туған жерін сүюге баулиды. Мектеп түлектері арада жылдар өтсе де, аяулы ауылына қолдау танытып келеді.

Қоғам тұрғындары туған мекенін көркейтуде аянып қалмақ емес. Бұл ауылдастардың ауызбіршілігі мен алтын бесік, туған жерге деген сүйіспеншілігінің айқын көрінісі. 

Ауғанбек Манарбекұлы

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАБИҒИ ҚОРЫҚТЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ
20:39, 7 тамыз 2017
ТАБИҒИ ҚОРЫҚТЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...
 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...