ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТУҒАН ЖЕР­-ТҰМСА ТАРИХ!

17:24, 24 сәуір 2017

«Туған жерге туыңды тік!» - деген дана халқымыз. Бұл – әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілікті білдіреді.

 «Туған жерге туыңды тік!» - деген дана халқымыз. Бұл – әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілікті білдіреді. Яғни, кез-келген азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлау білуі керек. Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті. Оны ақмолалықтар қолдап отыр.

Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар. Ал, олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал. Сондықтан, білім беру саласында өлкентану жұмыстарын жүргізіп, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру қажет. Ел Президенті ұсынған «Туған жер» бағдарламасының мәні – осында.

Ел басшысы білім, ғылым, зияткерлік қабілет және сапалы еңбек арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру керектігіне ерекше тоқталды. Яғни, әрбір адам өз тарихын терең біліп қана қоймай, заман талабына сай қасиеттерге де  ие болуы керек. Сондықтан, қазір «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» бағдарламаларын жүзеге асыру маңызды.

Қазақ елінің бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамуға ұмтылуы заңдылық. Дегенмен, ең бастысы жаһандық өзгерістер кезеңінде біз ұлттық ерекшелігімізді, құндылығымызды сақтай білуіміз керек. ХХІ ғасырдағы рухани жаңғырудың мәні осыда болмақ.

Нұргүл Нұрбайқызы, Дархан Сағын 

Тақырып бойынша материалдар

ТАБИҒИ ҚОРЫҚТЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ
20:39, 7 тамыз 2017
ТАБИҒИ ҚОРЫҚТЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...