ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ТУҒАН ЖЕР – ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР МЕКЕНІ!

15:31, 5 шілде 2017

«Туған жер» бағдарламасы әр өңірдің тарихи-мәдени құндылықтарын тізбектеп жиюды, оны сақтап насихаттауды, сол арқылы жас ұрпақты елжандылыққа баулуды көздейді.

«Туған жер» бағдарламасы әр өңірдің тарихи-мәдени құндылықтарын тізбектеп жиюды, оны сақтап насихаттауды, сол арқылы жас ұрпақты елжандылыққа баулуды  көздейді. Бұл бағыттағы жұмыстар Ерейментау ауданында нәтижелі атқарылып келеді.  Өңір тұнып тұрған тарих куәгері. Ендігі мақсат осы мұраны қаз-қалпында келер буынға табыстау.

Бөгенбай мен Олжабай батыр, Үмбетей жырау мен Көтеш ақын, Бапан, Саққұлақ, Шорман, Едіге билер, Тоқан хазірет, Түйте, Жанақ әулиелер. Бұл аталған арыстар Ерейменнің жерінде ат шалдырып, алты алаштың жүгін арқалаған есіл ерлер. Бұл өлке тарихының тамыры ықылым заманнан үзілмеген. Мұнда қос батыр балбалтастары, көне обалар тәрізді ескерткіштер де мол. Өңірге ғалымдардың қызығушылығы жоғары.

Елбасы мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасы барша қазақстандықтарды кіндік қаны тамған жерін сүюге үндейді. Мұның бірегей жолы өскен өлкенің тағылымын тану, оған құрмет көрсете білу.  

Ауғанбек Манарбекұлы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАБИҒИ ҚОРЫҚТЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ
20:39, 7 тамыз 2017
ТАБИҒИ ҚОРЫҚТЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...