ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

«ТУҒАН ЖЕР». ТАРИХТЫҢ АҚТАҢДАҚ БЕТТЕРІ

19:46, 8 маусым 2017

Елбасының бастамасымен қолға алынған «Туған жер» және «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобалары туған ел тарихын тереңірек зерттеп, жалпыұлттық қасиетті орындарды сақтап қалуға бағытталған.

Елбасының бастамасымен қолға алынған «Туған жер» және «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобалары туған ел тарихын тереңірек зерттеп, жалпыұлттық қасиетті орындарды сақтап қалуға бағытталған. Киелі Көкше өңірінде халықтың өткенімен тығыз байланысты тарихи ғимараттар мен орындар аз емес. Солардың бірі облыс орталығындағы Жақия қажы атындағы мешіт. Діни ғимараттың тарихы алдағы бейнематериалда.

Жақия қажы атындағы мешіт Көкшетау қаласындағы тарихи ғимараттардың бірінен саналады. Мешіттің негізі 19-шы ғасырдың соңында қаланған. Басқа да мәдени-тарихи құрылыстар сияқты діни мекеме кеңес үкіметі заманында қарапайым ғимаратқа айналады. Ол тек 70 жылдан кейін тәуелсіздігіміз қолымызға жеткен жылдары облыс орталығының мұсылмандарына қайта беріледі. Бүгінде мешіттің қай жылы салынғаны туралы нақты мәлімет жоқ. Тек 1893 жылғы картада қайта салынған ғимарат ретінде белгіленген. Мешіт халық арасында Науан Хазірет есімімен белгілі білімді ғалым, дін маманы Наурызбай Таласовтың бастамасымен салынды деседі. Қала тарихы музейінің қызметкері Гульчехра Перлейдің айтуынша, діни ғимарат пен имамдар туралы тарихта жазылмаған ақтаңдақтар бүгінде өте көп.

Сөйтіп, 1937 жылдың 26 қарашасында жалған жаламен 5 бірдей  діни қызметкер ату жазасына кесіледі. Олар Шаға Бимұханов, Құжжат Ахметов, Бөкбен Нұрманов, Сүлеке Бекенов және Кәркен Орынбасаровтар. Сөйтіп, мешіт ғимараты 1939 жылдан бастап басқа мақсатқа пайдаланылады. Діни ғимарат тек өткен ғасырдың 80-ші жылдары Жақия қажының бастамасымен мұсылмандарға қайтарылады. Бүгінде мемлекет қамқорлығындағы мешіт халық игілігіне жұмыс істеуде.

Өткен ғасырдың 30-шы жылдары тек мұсылман ғана емес, басқа да дін қызметкерлері жазықсыз жазаланды. Мәселен, Михайло-Архангельск шіркеуінің Василий Меркурьев бастаған 14 діни қызметкері сенімдері үшін атылып кеткен.

 

Бибінұр Әмірханқызы, Индира  Тегжанова 

Тақырып бойынша материалдар

ТАБИҒИ ҚОРЫҚТЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ
20:39, 7 тамыз 2017
ТАБИҒИ ҚОРЫҚТЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...