ШҰҒЫЛ! КӨКШЕ ТӨРІНДЕ «ЖАУЖҮРЕК» ДРАМАСЫ САХНАЛАНДЫ Толығырақ

ТУҒАН ЖЕР –ТҰҒЫРЫМ!

16:52, 12 маусым 2017

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында белгіленген белестердің бірі - «Туған жер» бағдарламасы.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында белгіленген белестердің бірі - «Туған жер» бағдарламасы. Ол туған өлкені құрметтеу арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке баулуды көздейді. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті «Туған жер» бағдарламасы аясында арнайы экспедиция ұйымдастырды. Оның құрамында біздің түсірілім тобы да бар. Толығырақ тілші тарқатады. Еңбекшілдер ауданы ел тарихында із қалдырған ұлы тұлғалар мекені. Мұнда Шәймерден Қосшығұлов, Шәрәпия Әлжанов, Рамазан Елубаевтардай арыстар дүниеге келген. Бұл өлке әйгілі Біржан салдың ата қонысы. Мұндай тарихы терең өңірдің кешегісін танып, ертеңіне бағдар беруде Елбасы белгілеген «Туған жер» бағдарламасының маңызы ерек. Еңбекшілдіктердің ерекше мақтанышы қазақ мәдениетінің өр тұлғасы әйгілі Біржан сал. Ол осы Мыңшұқыр өлкесінде дүниеге келіп, Степняк қаласы маңында жерленген. Қазақ әншілік өнерінің алыбы Біржан мұраларын тану, жас ұрпақтың ұлттық болмысын сақтауының даңғыл жолы.  Патриотизм  туған өлкені танудан басталады. «Туған жер» бағдарламасының мақсаты әр азаматтың кіндік қаны тамған жерге құрметін еселеу, сол арқылы туған елге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Ол ұлт мұрасын сақтау, туған жердің тарихын танудан басталса керек.

Ауғанбек Манарбекұлы

Тақырып бойынша материалдар

ТАБИҒИ ҚОРЫҚТЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ
20:39, 7 тамыз 2017
ТАБИҒИ ҚОРЫҚТЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛДАУ-2021: «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»  БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАЛҒАСАДЫ
16:20, 21 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ-2021: «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖА...
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...