ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТАСЫ – ТАУ, КӨЛІ - ТЕҢІЗ

19:59, 7 маусым 2017

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген таяу жылдарда атқарылуы тиіс міндеттердің бірі - «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру

Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген таяу жылдарда атқарылуы тиіс міндеттердің бірі - «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру. Ол туған өлкеге құрмет таныту арқылы Отансүйгіштікті насихаттауға бағытталған.  Облыстық атқарушы органдар тарапынан қолға алынған іс-шаралар кешенімен әріптесім Ауғанбек Манарбекұлы танысып қайтты. Туған жер – киелі ұғым. Оған деген ыстық ықылас қазақ халқының өзіндік бір ерек сипаты. Кіндік қаны тамған жерге деген құрмет бүгінгі қоғам мүшелері үшін де өзекті. Ұлттық болмысымызға арқау болған бұл ұғым Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасына арқау болған. Ұлт көшбасшысы «Туған жер» бағдарламасында отандастарымызды баурайында еңбектеп, қырқасында қаз басқан алтын мекенге қолдау танытуға шақырады.  Туған өлкеге қамқорлық  - қазақстандықтардың игі дәстүрі. Сондықтан, бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар кешені ауқымды. Аядай ауыл, аяулы мекенге деген құрмет - әр азаматтың  Отанға деген құрметтің көрінісі. Демек, «Туған жер» бағдарламасы әр қазақстандыққа арналған.

Ауғанбек Манарбекұлы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАБИҒИ ҚОРЫҚТЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ
20:39, 7 тамыз 2017
ТАБИҒИ ҚОРЫҚТЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...