ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫҢ ТІК!

20:04, 24 сәуір 2017

Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша ат салысу - шынайы патриотизмнің белгісі. Елім, жерім деп мақтану бір бөлек, кіндік қаның тамған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру аса маңызды.

Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша  ат салысу -  шынайы патриотизмнің  белгісі.    Елім, жерім деп мақтану бір бөлек, кіндік қаның тамған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру аса маңызды. Елбасы мақаласында әсіресе осы туған жер тақырыбы кеңінен тарқатылып, тіпті арнайы жоба құру керектігі де міндеттелді. Ұлттық идеяны жаңғыртып, қасиетті мекенді қастерлеу тұрғысында қаузалған маңызды мақала жайында ақмолалықтардың өз айтары бар.

Сіз өз туған жеріңіз үшін не істедіңіз? Жер ананың өтеуін қайтардыңыз ба? Әрине, мұндай тосын сұраққа кез-келгеніміз  тосырқап қалатынымыз жасырын  емес. Себебі, ел-жеріне деген сүйіспеншілігін игі істермен өтеп, туған жерге туын тіккен  азаматтар бар әрине, бірақ саусақпен санарлық. Елбасы рухани жаңғырудың бір тетігін осы тақырыпқа арнады.

Елбасы кез-келген саяси құжатта білім тақырыбын қалыс қалдырған емес. Бұл жолғы мақалада айырықша дәріптелді. Себебі, білімнің салтанат құруы қажет, сан тараптану керек. Ал бұл мақсатқа жетуі үшін білімдар жандар қатарының молаюы аса маңызды. Оған мүмкіндік те жоқ емес.

Саяси-экономикалық дамудың сара жолы - рухани жаңғыру. Ал рухани жаңғыру үшін сіз бен бізге аса көп талап жоқ. Ең бастысы, ұлттық құндылықтарыңды ұлықтай отырып, еліңді сүю, еңбекқор және  көкірек көзінің ашық болуы. Бұл міндеттер кез-келгеніміздің қолымыздан келетіні анық.

Раушан Сайлауқызы,  Бауыржан Смағұлов

Тақырып бойынша материалдар

ТАБИҒИ ҚОРЫҚТЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ
20:39, 7 тамыз 2017
ТАБИҒИ ҚОРЫҚТЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...