ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ЗЕРЕНДІДЕ «ТУҒАН ЖЕР» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ

19:42, 15 мамыр 2017

Мемлекеттік идеологияның өзегіне айналған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын негізге алған зеренділіктер «Туған жер» экологиялық акциясына қатысты.

Мемлекеттік идеологияның өзегіне айналған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын негізге алған зеренділіктер «Туған жер» экологиялық акциясына қатысты. Бұл аудан әкімдігі мен Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғалымдарының бірлесіп ұйымдастырған игі шарасы. Акция аясында аудан орталығына 500-ге жуық ағаш көшеті отырғызылды.

Қоғамда үлкен серпіліс тудырған Елбасының мақаласында белгіленген міндеттер күнделікті өмірге еніп, жұртшылықтың бағдарына айналып отыр. Зеренділіктер «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға білек сыбана кірісті. Сөйтіп, жастардың бойындағы патриотизмді туған ауылына деген қамқорлық сезімін оятудан бастап отыр.

Еуразия ұлттық университетінің профессорлары мен ғылым докторларынан құралған топ жастармен патриотизм, туған жер бағытында әңгіме-дүкен құрып, бұл тақырыптарда өз ойларымен бөлісті.

Экологиялық акция аясында Зеренді селосының кіре берісінде орналасқан саябаққа қарағай, ақ қайың және алма ағаштарының көшеттері отырғызылды. Игі шара аудан орталығын қоқыстан тазарту жұмыстарына ұласпақ. 

Бибінұр Әмірханқызы, Василий Вережников

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАБИҒИ ҚОРЫҚТЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ
20:39, 7 тамыз 2017
ТАБИҒИ ҚОРЫҚТЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...