ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ЖАСЫН ЖЫРЛЫ ҮМБЕТЕЙ!

15:48, 28 маусым 2017

Көкшетау мемлекеттік университетінің бір топ ғалымдары «Туған жер» бағдарламмасы аясында Ерейментау ауданының тарихи-мәдени жәдігерлеріне экспедиция ұйымдастырды.

Көкшетау мемлекеттік университетінің бір топ ғалымдары «Туған жер» бағдарламмасы аясында Ерейментау ауданының тарихи-мәдени жәдігерлеріне экспедиция ұйымдастырды. Оның мүшелері қатарында біздің түсірілім тобы да бар. Әріптесім Ауғанбек Манарбекұлы Үмбетей жыраудың басына зиярат етіп қайтты. Экспедицияның Ерейментау өңіріне сапарындағы басты тарихи нысандардың бірі, осы - Үмбетей жырау қорымы.  Бұл жерге аяқ бассаңыз, қазақтың көне тарихымен қауышқандай әсер аласыз. Экспедиция мүшелері алдымен бабаның аруағына тағзым етіп, дұға оқыды. Экспедиция мүшелері Үмбетей жыраудың тарихи тұлғасын тануда әлі де көпшілік білмейтін талай сыр бар деседі. Айталық, жырау заманында қол бастап, атойлап жаумен шайқасқан батыр да болған. 
Жырау қасқайып ханның айыбын бетіне айтқан, ел сөзін сөйлеген дара тұлға. Жалпы, жыраулар институты дала демократиясының айғағы. Олардың мұрасын келер буынға насихаттау парызымыз,- дейді ғалымдар.  
Ерейменнің әр тасы тарих куәгері.  Бұл батырлар мен билердің қонысы болған киелі мекен. Өлкетану мақсатында Университет пен аудан басшылығы жас ғалымдарға қолдау көрсетуге уағдаласты.
Ауғанбек Манарбекұлы

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАБИҒИ ҚОРЫҚТЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ
20:39, 7 тамыз 2017
ТАБИҒИ ҚОРЫҚТЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...