ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ЖҮРЕГІ ЖОМАРТ ЖАЙСАҢ ЖАН!

17:45, 25 мамыр 2017

Тағдырдың тауқыметін көріп, қиындығына мойымаған қайсар жандардың қатары көп өмірде

Тағдырдың тауқыметін көріп, қиындығына мойымаған қайсар жандардың қатары көп өмірде. Өз кезегінде жігері жасымаған жандар өмірге деген құлшынысын арттырып, еңбекке араласып, қоғамға пайдалы іспен айналысып жүр. Сондай жандардың бірі  -  жерлесіміз, облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Серік Әкімбаев өңірдің 100-ден аса мүмкіндігі шектеулі жандарының басын қосып, қайырымдылық шарасын өткізді.

Елбасының «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Игі дәстүрге айналған  бастаманы өткізудегі басты көздеген мақсат - түрлі этнос өкілдерінің басын біріктіріп, туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Қайырымдылық акциясына «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қатысып, шараға жиналған қауымға сәттілік, өмірдің жарқын белестерінің мол болуын тіледі. «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылып отырған акция барысында Серік Әкімбаевты партия филиалының атынан Алғыс хатпен марапаттап, партияның қос белсендісіне партия билеттерін табыстады.  Мерекелік дастархан басындағы емен-жарқын кездесуде қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып, алдыңғы қатардан көрініп жүргендер бір топ азаматқа мүгедектер қоғамының атынан Серік Әкімбаев сыйлықтар мен дипломдар табыс етті.

Ән мен биден шашу шашқан жез таңдайлар мен күміс көмейлер, мың бұралған бишілер шара қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қырықтан артық сәбиді бауырына басып, оларға пана болған, қайсар жандарды жігерлендіріп, оларға қолдау танытқан  Серік Әкімбаевтың бұл ісі көпке үлгі.

 

Айгүл Мырзағалиқызы, Марат Ахметжанов

Тақырып бойынша материалдар

ТАБИҒИ ҚОРЫҚТЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ
20:39, 7 тамыз 2017
ТАБИҒИ ҚОРЫҚТЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...