ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

Аймақтық филиалдар арасындағы «Ең үздік түсірілім тобына» жарияланған байқаудың алғашқы кезеңі аяқталды

15:32, 6 қазан 2016

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жариялаған «Ең үздік түсірілім тобы» байқауының алғашқы кезеңі аяқталды.  

Сайыс аймақтық филиалдарда қызмет атқарып жүрген режиссер, видеооператор, редактор, сценарист, дыбыс режиссері және веб-дизайнерлерден құралған бірнеше топтың арасында өтті.

Портал оқырмандары мен интернет қолданушылар бір айдан астам уақыт ішінде 12 аймақтан ұсынылған 29 команданың «Менің туған өлкем» тақырыбындағы видеоматериалдарына дауыс берді. Барлық топқа  жалпы саны 10380 дауыс берілген.

Олардың арасынан келесі кезеңге өткен командалар:

1. oraltv - «Алаш» тобы

2. kartv - «9 регион» тобы

3. taraztv - «Арай» тобы

4. petropavltv - «Қызыл-Жар» тобы

5. mangystautv - «Самұрық» тобы

6. shymkenttv - «ONline» тобы

7. kyzylordatv - «Туған өлке» тобы

8. atyrautv - «Атырау CITY» тобы

9. kokshetautv - «Ер Көкше» тобы

10. kostanaytv - «KOSTA rica» тобы

11. aktobetv - «I love Aktobe» тобы

12. pavlodartv - «Ақсұңқар» тобы

13. semeytv - «ЛИД» тобы

14. oskementv - «EAST.EAGLE» тобы

10 қазанда басым дауысқа ие болған жоғарыдағы 14 команда  арасында байқаудың екінші кезеңі басталады.

Қорытынды Тәуелсіздік күні қарсаңында шығарылады. Үздік  шығармашылық топты интернет қолданушылар мен арнайы құрылған қазылар алқасы анықтайды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

Ынтымақ пен бірлік, татулық пен тұрақтылықты ту ғып тіккен Алтын мекен!
17:53, 4 тамыз 2016
Ынтымақ пен бірлік, татулық пен тұрақтылықты ту ғып тіккен А...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...